ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Бергі тарих

Абай не жазды, не қойды?

әкімшілік 20/04/2018 221 рет қаралды

Ыспан

 

 АБАЙ  (Ибрагим) Құнанбайұлы (10.08.1845-ж. Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауы – 06.07.1904-ж. Балашақпақ жайлауы, бейіті Жидебайда) – ұлы ақын, пәлсапашы, ағартушы, сазгер.

 

тегі: Олжай батыр – Айдос – Ырғызбай – Өскенбай – Құнанбай (1804-1885).

 

оқуы: «Ескітамдағы» медресе (1853–55), -Ахмет Риза медресесі (1855–57, Семей), -«Приходская школа» (1857, 3 ай).

 

әлеуметтік өмірі: 13 жасынан ел билігіне араласты: -Қоңыркөшке елінің болысы (1875–78), -Қарамола сиезінің төбе биі (1885), -Семей облыстық Статистика комитетінің толық мүшесі (1886).

 

атқарған ісі: Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалады, -Әдебиет сынының алғашқы іздерін салды, -Қазақ өлеңіне жаңа шумақ түрін енгізді, -Байрон, Гете, Шиллер және Пушкин, Лермонтов, Крылов, И.Бунин т.б. орыс ақындары шығармаларын қазақшалады, -27 ән қалдырды.

 

еңбектері:

— Семей қазақтары үшін қылмыстық істерге қарсы заң ережесі, Қарамола, 1885-ж. мамыр, 93 баптан тұрады.

— Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғлының өлеңі, СПб., «Восточ. электропеч. И.Бораганского», 1909, 120 б.

— Абай термесі, Орынбор, 1916, 10 б.

 

дастандары:

— Ескендір, 42 шумақ; -Масғұт, 1887-ж., 44 шумақ; -Әзім әңгімесі (аяқталмай қалған).

 

қарасөзі:

 

    1. Не істеу керектігі туралы, 1890-ж.

     

    1. Өнер-білім-кәсіпсіздік туралы, —

     

    1. Ел ішінің былығы, оның қайтсе түзелетіндігі туралы, 1891-ж.

     

    1. Ойын-күлкі, уайым-қайғының жөн-жосығы туралы, —

     

    1. Арзан дүниеге асықтық жайы, —

     

    1. Бірлік пен тірліктің мәні жайлы, —

     

    1. Жан құмары мен тән құмары туралы, —

     

    1. Ақыл-кеңестің құн(т)сыздығы туралы, —

     

    1. Қазақтан қалған көңіл, сарсаң сезім туралы, 1892-ж.

     

    1. Баянсыз тілеу, тілемсік тірлік туралы, —

     

    1. Бірін-бірі аңдысып, айтақтасқан әуре тіршілік туралы, —

     

    1. Дін жолына ынталы жүрек, шын көңілмен түсу керектігі туралы, —

     

    1. Дінге беріктік, айнымастық туралы, —

     

    1. Жігер-қайрат-байлау-шыдамдылық туралы, 1893-ж.

     

    1. Орынды-орынсыз қызығушылық туралы, —

     

    1. Ықылассыз құлшылық туралы, —

     

    1. Қайрат, ақыл, жүректің таласы туралы, —

     

    1. Сыпайылық пен кербездіктің айырмасы туралы, —

     

    1. Есті болу, естілік дағдысын бойға сіңіру туралы, —

     

    1. Жалығу құбылысы туралы, 1894-ж.

     

    1. Адам бойындағы мақтан түрлері туралы, —

     

    1. Елде қадір тұтарлық жамағаттың қалмағандығы туралы, —

     

    1. Қазақтың алдамшы қуаныш-жұбаныштары туралы, —

     

    1. Ел болып, етек жиярлық қарекеттің қазақта кемдігі жайлы, —

     

    1. Орысша оқудың артықшылығы жайлы, —

     

    1. Қазақтың қуанбасқа қуанғыш, ұялмасқа ұялғыш анайылығы туралы, —

     

    1. Сократ хакімнің сөзі, —

     

    1. Жаратушының еркі мен адам әрекеті туралы, 1895-ж.

     

    1. Қазақтың кертартпа мақалдары туралы, —

     

    1. Көпірме мақтансөзділік туралы, —

     

    1. Есті күшейтудің төрт тәсілі туралы, —

     

    1. Ғалым болуға қажетті алты нәрсе туралы, —

     

    1. Өнер өрісін тарылтатын төрт кесел туралы, —

     

    1. Дүниеге ынтық, ақыйретке амалсыздық туралы, 1896-ж.

     

    1. О дүниеде салынатын сұрау туралы, —

     

    1. Ұят пен ұялудың түрлері туралы, —

     

    1. Нақыл сөздер жиыны, —

     

    1. Аллаға иман келтірудің жолы туралы, —

     

    1. Бұрынғылардың екі артық мінезі туралы, 1897-ж.

     

    1. Қазақтың (адамның) кермінезі туралы, —

     

    1. Қазақты жөнге салудың жолы туралы, 1898-ж.

     

    1. Қазақтың бос жүріс, жеңіл мінез, күншіл күні туралы, —

     

    1. Адам қуаты, оның жетілуі мен кетілуі туралы, —

     

    1. Талаптың түрлері, арзаны мен қымбаты туралы, —

     

    1. Аллаға деген махаббат пен әділеттілік туралы, —

     

    1. Қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы, 1899-ж.

 

бір айтары (примеч.): бұл сипаттамалық атаулар қай «сөздің» не мазмұнды екенін жария ету үшін берілді.

 

сүйрет: Әмір Кеңесұлы

 

«Қазақ ғылымы: кім, не, қайда, қашан?» (2007) атты кітаптан

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*