ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Ақаңның айтқаны: ағылшын ит деп жазып, шошқа деп оқыйды

әкімшілік 06/11/2018 769 рет қаралды

Кей жұрттар жазу үшін әріп алғанымен, әріптері тілі өзгергендіктен, бұл күнде тіліндегі дыбыстарына сәйкес келмейтін болған.

 

Кей жұрттардың әуелде дыбыстарына әріп арнауында шатақтық бар болғандықтан, сөздерінің жазылуы мен айтылуы екі басқа …

 

Жазу үшін әріп алғанымен, ол әріптері тіліндегі дыбыстарына сәйкес келмейтін ағылшын, американ сияқты жұрттар. Бұлардың сөздерінің жазылуы мен айтылуы айрылып, алыс кеткендігі сонша, «ит деп жазып, шошқа деп оқиды» деген мақал болған жазу жүйесі нақ осылардікі.

 

Олардікінен гөрі тәуірлеу жазу жүйесі француздікі. Бірақ тәуірлеу дегенмен, мұның да оңған жері жоқ. Мұның әуелінде дыбыстарына әріп арнауында шатақтық көп.

 

Французда әріп басына жасалған толып жатқан ереже бар, толып жатқан қосымша белгілер бар. 26 әріптің 100 шамалы ережесі бар. Ол ережелер бойынша бір әріп түрлі орында түрлі айтылмақшы.

 

– Кей әріптер тұрған орнына қарай жазылғанымен, тіпті оқылмай да қалмақшы.

– Кей әріптер басқа дыбыстармен қатар келген жерде тіпті дыбысынан айрылып қалмақшы. Анықтық үшін азырақ мысал келтірелік.

 

«Бе ау» (beau) деп жазады, оны «бо» деп оқиды.

«Орейлле» (oreille) деп жазады, «орей» деп оқиды.

«Мой» (moi) деп жазады, «мува» деп оқиды.

«Коин» (koin) деп жазады, «кувек» деп оқиды.

«Айгуйлле» (aiquille) деп жазады, «егуй» деп оқиды.

 

Тәуірлеу деген жазу жүйесі мынау болса, мұнан жаманының жазылуы мен айтылуы арасындағы сәйкестігі қандай болмақ.

 

Бұл сияқты жүйелі жазумен сөздің ішіндегі дыбыстарын айырып, дыбыстарына қарап жазуға болмайды. Олай болса, сөздің дыбыстарын айыра білудің қажеті жоқ. Мәселен, «егуй» деген сөзді «айгуйлле» деп жазатын болса, «мува» деген сөзді «мой» деп жазатын болса, ол сөздердің дыбыстарын айырудың керегі не?

 

Сондықтан ағылшын, америка, француз жазуларының жүйесі әріпті болғанымен, мағынасы таңба жүйелі жазуға жақын. Мұнда да сөзді дыбыстарына қарай әріптерін қойып жазбайды, тек әріптерден құрап сөз таңбасын салады.

 

Мұндай жазулар мен қытай жазуының арасындағы айырмасы тек таңба суретін құрауында ғана: қытайлар сөз таңбасын әріп деп ат қойылмаған сызықтардан құрайды, ағылшын, американ, француздар сөз таңбасын әріп деп ат қойылған сызықтардан құрайды.

 

сүйрет: womans.ws

2-мақала, жалғасы бар

Қай әдіс жақсы //Тіл тағылымы, А., 1992, 358–360-б. («Жаңа мектеп», 1928, № 4, 3-11-б.)

 

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*