ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Бергі тарих

Ақаңның емле бағамы* — 1

әкімшілік 21/05/2018 217 рет қаралды

Ыспан

 

(үзінді)

«… Мақсат – … дыбыс басына хәріп белгілеп, жазуымызды бір жөнге салалық деген. … Сіздің жазған сөзіңізден байқаймын, қазақтың тілінде неше һәм нендей дыбыстар бар екен деп, һеш уақытта ойланып қарамағансыз. … Дыбыс пенен хәріп екеуін бір затқа санайсыз. Мен қазақ тіліндегі дыбыстарды айтамын, сіз арабтың хәріптерін алып келіп көрсетесіз. Сіздің қарауыңызша, араб хәріптеріне дұрыс келетін дыбыстар қазақ тілінде бар болмақшы, дұрыс келмейтін дыбыстар тіпті жоқ болмақшы. Олай болғанда арабтың хәріптері қазаққа келмей тұрған уақытта, қазақта һешбір дыбыс болмасқа керек крек қой. Араб хәрпінен бұрын қазақ сөйлемеді дейсіз бе? Біз ойлаймыз, қазақ араб хәрпінен бұрын да сөйледі деп, сөйлеген соң дыбыстары да болады деп. Ол дыбыстардың араб хәріптеріне тура келетіні де бар, келмейтіні де бар деп. Бары, тегіс келмейтін себебі: араб әліппесі қазаққа деп арнап шығарған әліппе емес, араб тіліне арнап шығарған, һәр халықтың тіліндегі дыбыстардың ішінде бөлектік болады. Бірінде бар дыбыс, бірінде жоқ болуға ықтимал. Мысалы, ч, ф – дыбыстар арабта бар, қазақта жоқ.

Сіз қалай ойлайсыз? Араб әліппесіне тура келетін хәрпі жоқ дыбыстарымызды тіпті жоқ қылу керек пе? Негізінен ойлаңызшы, тіл хәріп үшін шығарған нәрсе ме? Болмаса хәріп тіл үшін шығарған нәрсе ме? Әлбетте, хәріп тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса хәрпі жоқ деп, тілдегі дыбыстарды жоғалту емес, ол дыбысқа жоқ хәріпті іздеп табарға керек. Ол жалғыз бізде емес, өзге жұртта да болған, хәріпке бола тілді бұзбайды, тілге бола хәріпті бұзып өзгертеді.

«Э» дыбысы қазақта «е» емес, «и»-ге жақын дейсіз.  … «ер» деген сөзді сізше «иер» деп жазу қолайлы болмақ, «кесек», «керек» деген сөздер сізше «киесек», «киерек» болып жазылмақшы. Қайсысын жазу қолайлы һәм не үшін қолайлы, сіз айтпасаңыз, мен айта алмаймын.

…сөзіңізді ыспаттау үшін «журнал» деген сөзді көрсетесіз. Бұл сөз қазақ сөзі емес, француз сөзі ғой. … қазақ дыбысы десеңіз, қазақ сөзінен тауып берерге керек»

 

Шаһзаман мырзаға //6 томдық шығармалар жинағы, А., 2013, 4-том, 254–59-б. («Айқап», 1912, № 9-11)

 

«…Қате қайда, дұрыс қайда – қаралық. Дұрыс емле менен қате емлені айыруға менің ойымша бұлай қарау керек шығар деймін: тіл табиғатына қарай емлені ыңғайлау ма? Жоқ, емле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Мен ойлаймын, емле – жазу үшін шығарған нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек. Тілдің табиғатына қарамай зорлап, емлеге таңып байласақ, қытай қатындарының аяғы болып шығады»

Қазақша сөз жазушыларға //6 томдық шығармалар жинағы, А., 2013, 4-том, 254–59-б. («Шора», 1913, № 4, 110–13-б.)

 

…Прежде всего надо поставить вопрос: что требуется от правописания. Требуется, чтобы это правописание удачно, точно передавало звук языка. Второе – чтобы это правописание для изучения было легким. Вот это два основных требования. Здесь возникли споры. Одни говорят, что правописание имеет связь с алфавитом, а другие говорят – не имеет. На самом деле правописание имеет связь с алфавитом только в том случае, если алфавит несовершенный … а когда алфавит совершенный в том смысле, когда для каждого звука имеется соответствующий, определенный знак и этот знак никогда не меняется, то это другое дело. …

 

Бірінші бүкілодақтық түркітанушылар жыйынында сөйлеген сөзі //Тіл тағылымы, А., 1992, 416-17-б..

 

Дұрыстыққа салып тура көзбен қарағанда, тіл турасында күйінерлік іс қазақта емес, басқа түрік балаларында. Ашық дыбыстарын көмескі дыбыстарға, көркем дыбыстарын ажарсыз дыбыстарға алмастырып, тілдің сиқын бұзып, сынын кетірген басқа түріктер.

Сондықтан 1-ші я 2-ші дәрежедегі дыбыстарды үшінші дәрежедегі дыбыстарға алмастырсақ, сөздің де көркі сол дәреже төмен түседі Сөздің көркі төмендсе, тілдің де көркі төмендейді; жоғары дәрежедегі дыбысты төмен дәрежедегі дыбыстарға алмастырып тілді аздырған кемшілік татар тілінде көп. Мәселен: (а) дыбысын (е), (и)-ге алмастырған: (о) дыбысын (у)-ға алмастырған орындар көп. «А»-ны «и»-ге алмастырған жерлері: «алмай» деген сөзді «алмій» деп, (е)-ні (и)-ге алмастырған жерлері: «кет»-ті «кит», «ет»-ті – «ит» деп, «о»-ны «у»-ға алмастырған орындары: «қол»-ды «қул», «от»-ты «ут» деп. … Бұлайша тілді бұзуға себеп болған нәрсе – жазу. Араб әліппесіндегі харіптер түрік тіліндегі кей дыбыстарға тура келмеген. Ол дыбыстарды жазуға басқа дыбыстардың харіптері жұмсалған. Түрік тілінде «о», «е» дыбыстары бар, араб әліппесінде оларға тура келетін харіп жоқ. Сондықтан «о» мен «е» дыбыстарын «у» және «и» мен жазған. Бұл дыбыстар айтылуынша оқылмай жазылуынша оқылған. ..қарамай – қарами болған»

 

Қазақша сөз жазушыларға //Тіл тағылымы, А., 1992, 396-97-б.

 

* Латын жазуына көшпек ниетімізге орай бүгінде қай әріпті қалай алу керектігі өзекті мәселе болып отырғандықтан, бұл үзіндіде А.Байтұрсынұлының осы әлібби, әріп туралы айтқандары іріктеліп алынды.

сүйрет: informburo.kz

— жалғасы бар —

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*