ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Арғы тарих

«Ақыйқат сыйы» не айтып, не қойды?

әкімшілік 29/04/2018 41 рет қаралды

Ыспан

Біздің заманға үш түрлі көшірмесі ғана жеткен «Ақыйқат сыйы» көбіне Құран сөзін негізге ала отырып, адам үшін аса қажет және аса зыйан мінез-құлық үлгілерін, дүниенің сырын, өмірдің өтпелігін, Алланың құдіреттілігін жыр етеді*.

 

Атап, санамалап айтсақ, олар:

 

  1. Алла жайы. Шығарма Аллаға мінәжат етуден, оның барлығын, жалғыздығын, құдіреттілігін, даналығын, мейір-шапағатын паш етуден, пайғамбарлар мен төрт сақабаны мадақтаудан басталады және бұған 5 өлең арналып, тағы 7-8 өлең Алла атымен байланыстырылады.

 

  1. Саясат жайы. Бектер мен басшылар мадақталып, кітаптың соларға арналатыны айтылады (2 өлең).

 

  1. Дұрыстық жайы. Ғылым-білімнің пайдасы, қажеті, аңдап сөйлеу, әдептілік, сабырлылық, ұстамдылық, мейірмділік, кешірімділік жайы сипатталады (8 өлең).

 

  1. Не жақсы, не жаман жайы. Адалдық пен арамдық, жомарттық пен сараңдық, игілік пен дүниеқоңыздық, кішіпейілділік пен тәкәпарлық жайы сөз болады (6 өлең).

 

  1. Пәлсапа мәселесі. Жалпы шығарама тұтастай пәлсапалық мәнерде жазылған**. Дегенмен,

Өліні тірі етемін, тіріні өлі етемін (48-б.),

Оқ жарасы жазылады, тіл жарасы жазылмайды (52-б.),

Дүние бір қалыпта тұрмай, мәңгі өзгеріп тұрады (54-б.),

Дүниеге қызығушылық – күллі қатаның басы (55-б.),

Адамға екі уыс алтын берсең, үшіншісін тағы сұрайды (59-б.),

Біз олардың несібелерін дүниеде өмір сүруге лайықтап дәл  бөлгенбіз (59-б.),

Мың дос – аз, бір дұшпан – көп (62-б.),

Сендегі таусылады, Алланікі мәңгі-бақи (64-б.)

сынды өлеңдер тікелей пәлсапа жайын сөз етеді. Айталық, Дүние бір қалыпта тұрмай, мәңгі өзгеріп тұрады атты өлең, таза мазмұндық тұрғыда аударсақ**:

 

  1. Бұ дүние керуен түсетін сарай сияқты,
  2. Сарайға түскен көш одан ары сапар шегу үшін түседі.
  3. Әдепкі көш жол тұтып, ұзап кетті,
  4. Тағы да жол тартып келетін көш қаншама?

 

деп басталады.

Сондай-ақ**

Алла сабырлылықты сүйеді, үйткені әр қасірет соңы – қуаныш (61-б.),

Жақсылықтан үміт етсең, сабыр ет (61-б.),

Жамандық етсең, салдарынан сақтан, үйткені тіккен еккен жерге жүзім шықпайды (62-б.),

Ғылымды шыңда болса да іздеп тап (51-б.)

атты өлеңдер де тақырыптық тартымдылығымен ерекшеленеді.

 

  1. Ислам тоқырай бастады, тоқырайды да (63-б.) атты өлеңі діннің азуын, елге тұтқа дерлік тұлғалардың өзінің азғындық әрекет-қылықтарын баяндауға арналған. Мұның мазмұндық аудармасы** төмендегідей және:
  1. Ғалым еңбек етуді, тақуа сыйынуды қойды.
  2. Оқымысты би билеп, ән шырқады.
  3. Бейбастықты тыятын кісі қаламады.
  4. Сондықтан бұндайлар күнде арта түсуде.
  5. Кім маскүнем болса, кісінің тәуірі сол.
  6. Тәуір болғың келсе, бар, маскүнем бол.
  7. Кім жөн жолды тұтса, оның жолы жоқ,
  8. Кім жолсызбен жүрсе, оның жолы кеңір
  9. Ей, асылық етуші сүйінішке салын.
  10. Сенің заманың бұл, көңіліңше қылып қал.
  11. Тыныштықта, қуанышта, қайғысыз
  12. жүріп қал, Тілегін, көңліңнің қоштығын.
  13. Жұрт малы бар адамға көзін сүзіп,
  14. құл қылады әуелден азат өздерін.
  15. Кім малсыз болса, ол ерді көргенде,
  16. жүзін бұрып өтеді, жұмып көздерін.
  17. Ей, малға сұғанақ ер, жақын біл, бұл мал –
  18. бүгін арман-қайғы, ертең күнә, обал.
  19. Харам болса малың, азап оның соңы,
  20. Есеп ол егер, болса малың халал.

деген жолдар сипаты, сірә, сонау 1213-ғасырдан гөрі осы күнге көбірек келетін сыңайлы.

 

«Ақыйқат сыйы»-ның үшінші нұсқасы. «XIV ғасырдың аяғында не XV ғасырдың басында араб жазуымен көшірілген. 496+28 жол өлең. Ыстамбұлдың Топ-Қапы сарайында сақтаулы»**

 

* Мамандарды Ортағасыр жазба ескерткіштерін «жазуға» шақырамыз.

** Келтірілген «прозалық аударма» және қолжазба сүйреті Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықовтың «Ахмед Йүгінеки Ақиқат сыйы» (1985) кітабынан және аздап жетілдіріле алынды.

сүйрет:al-azim.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*