ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

«Абай және Алаш арыстары» атты жиынның баспасөз парағы

әкімшілік 18/06/2019 47 рет қаралды

 

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

«Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Алаш алқасы» интеллектуалды ғылыми-танымды жастар клубының «Абай және Алаш арыстары» атты жиынының

 

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай 2019-жылдың  18-маусымында, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау қарсаңында «Абай және Алаш арыстары» атты «Алаш алқасы» интеллектуалды ғылыми-танымдық жастар клубының кезекті жиынын өткізеді.

Шараның мақсаты – Ұлт мұраты, мемлекетті қалыптастыру жолында ерен еңбек етіп, қазақ руханиятының әдебиеті мен мәдениетінің дамуына үлес қосқан хакім данамыз бен Алаш қайраткерлерінің тағылымды жолын өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде жеткізу, дәріптеу. Жоба «Жастар жылы» аясында жүргізіледі. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» арқылы ел мұраты хақында, тұтастық пен бірлік арқылы ұлттық рухты жаңғыртуға үлес қосу.

Шараға белгілі алаштанушы-ғалымдар мен жас зерттеушілер, ұлт тарихы мен руханиятына қызығушылық танытқан жалпы көпшілік қатысады. Бұл жаңа жоба алдағы уақытта Алаштың әр қайраткеріне бағытталып, қайраткерлер жөнінде бейне сюжеттер көрсетіледі. Сондай-ақ, саяси қуғын-сүргін құрбандарының, Алаш қайраткерлерінің ұрпақтары, ғалымдар өз пікірлерін ортаға салады. Жоба әр айда тұрақты түрде өтеді.

Осыған орай, барлық БАҚ өкілдерін қоғамдық маңызы зор іс-шарамызға қатысып, ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз.

 

Өтетін уақыты: 18 маусым сағат 15:00-де

Өтетін орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (Қажымұқан к-сі, 11)

 

 

Орынд.:  Ф. Қаналы

тел.: + 7 747 219 18 59

1 Comments

  1. Алмабек 18/06/2019

    Астанада Руханият Абай, Алаш, Тіл туралы мықты-мықты идеологиялық-тәрбиелік іс-шараларды көп өткізеді, ал өзіміздің Алматыда оқта-текте, Рухани астанамыз Алматыда нақ осы бағытта қайнап-пісіп жатуы керек қой тақырыптық іс-шаралар!

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*