Абайға жапқан жала бұл

Ыспан
Баяғыда бабасы жайлы әңгіме айтып отырған біреу қыза келе «оның астындағы аты алты құлаш болған» деп соғыпты. Қазақ әдебиетінде де …
… біреуді мақтағысы келсе, ол таптық теңсіздікті жырлады, қазақ әйелінің ауыр тағдырын айтты деп келетін кеңестік кезеңнен қалған дәстүр бар.
Сол сананың сарқыншағы болар, қай бір күні бір зерттеуші : «Абайды әсіресе әйелдің әлсіздігі мен теңсіздігі қатты толғантады»[1] деп салды.
Ал бұл дегеніңіз – қазақ жазба әдебиетінің бастау көзі саналатын Абай «әйелдің әлсіздігін» айтып қана қоймай, бұл тақырыпты бірінші болып көтерді, осы күнгі гендерлік саясаттың қайраткері де деген сөз.
Алайда, мұны 20-ғасырдың басында-ақ дүниеден өтіп кеткен Абай тұрмақ, …
… кеңестік кезеңнің бел ортасына дейін өмір сүріп, «Әйел, теңдік пыраваң, сен ал деген осы заң» дейтін жыр жолдарын қалдырған Жамбыл жырлапты деудің өзі …
… алдау, асыра сілтеу, жоқтан бар жасау болар еді.
Сірә, қазаншының өз еркі …, бояушы, бояушы дегенге … дегендерді қазақ ақылының асқандығынан емес, осындайлардың көптігінен шығарып жүрсе керек.
сүйрет: Saltanatkozha.islam.kz
- Абай туралы хабар //KazakhTV, 19.10.19, сағат тілінің 11:41 сәті