ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Сөзтаным

«Аборт» па, «түсік» пе – таразға тартайық

әкімшілік 07/06/2019 173 рет қаралды

Ыспан

 

Сірә, Мухамбедия Ахмет-Төреше, аборт — етістік те, түсік — зат  есім, яғни аборт-ты түсік деу дұрыс емес [1-2], қазақшасы ғылыми термин мәнін бермейді, толық ашпайды, …

 

анау алай, мынау былай деп, сөзді шұқылап ізденген адам түсік-тен тағы біраз «кемшілік» табуы мүмкін.

 

Алайда,

біріншіден, түсік – зат есім болғанымен, іштен шығып, түсіп қалу жайын сол түскен нәрсе арқылы, түскен нәрсе ете атау. Аборт та сөзбе-сөз–ab- + oriri [3] – іштен шығу, туылу. Яғни бұл белгісі бойынша екеуі де – бір нәрсе, бір түсінік аты.

 

Екіншіден, түсік аборт-тың аудармасы ретінде жаңадан жасалып отырған сөз емес. Ол – тілімізде әуелден болған және өздігінен, өзбетінше туып-қалыптасқан өз атау, өз түсінігіміз. Сол себепті ол латын әлде ағылшын тіліндегі нұсқасымен бір сөз табында болып, содан айнымай туу, айнымай тұру міндетінен ада.

 

Үшіншіден, мал болсын, адам болсын бойына біткен ұрықтың әлдебір себеппен түсіп қалуы мүмкін. Бұл – тіліне, діліне қарамай, бар халықтың өмір тәжірибесінде бар нәрсе әрі олардың өз тілінде, өзінше аталған түсінік те. Яғни латынша – abortus, орысша – выкидыш, қазақша – түсік сөзі арқылы танылып-түстелген. Бұл түсініктің әр тілдегі әуелгі қазығы осылай қағылған әрі қалыпты жағдайда оның мұнан былайғы жаңа, туынды түрлері осы атауы негізінде, осы атауынан туындатыла аталуы керек.

 

Олай болса, жаңа заман туып, бұл түсініктің жасанды түрде жүргізілетін, яғни сәл ғана өзгерген түрі латынша неге әуелгі abortus, аборт күйінде қалады да, қазақшасы да сол түсік арқылы аталмай, яғни бұған дейінгі түсінігімізден шығарылмай, неге, не әлде кім үшін аборт болып кетуі керек деген сұрақ туады.

 

Яғни түсінік ретінде де,  атау ретінде де түсік-тің аборт-тан еш айырма-кемшілігі жоқ. Бар айырмасы – бірі – шеттіл сөзі де, екіншісі – қазақ сөзі екендігінде ғана. Олай болса, мұның бірін – артық, бірін – кем көріп, кейінге қалдырып, бүгіндегі өзекті әрі ертеңге ұласуы тиіс түсінікті аборт арқылы атауды ұсыну – бұл атаулардың дұрыс-бұрыстығын емес, өзгенікін таңсық көріп, өзіңдікін қаңсық көретін кеңестік сана дағдысын ғана білдірсе керек.

 

сүйрет: Islam.kz

 

  1. Мухамбедия Ахмет-Төре, 10 ч. (10 сағат бұрын) 13.02.19, 13:15
  2. Медицина терминдерін қалай қазақшалап жүрміз? //Егемен Қазақстан, 06.06.18
  3. Аборт // https://ru.wiktionary.org/wiki/
Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*