ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Абырой үшін ғана жүрген арда ер

әкімшілік 20/01/2022 169 рет қаралды

 

сүйрет :  slavikap.livejournal.com 

Ыспан

 

«Мен атақ үшін күрескен жоқпын, мен абырой үшін өмір сүрдім …» [1]. Бұл – «Дара жол» хабары кейіпкерінің сәтімен айтылған толымды сөзі және солайы солай да шығар. Алайда басқа-басқа, бұ дүниенің жүзінде

 

абырой үшін жүрмеген, атақ үшін жүрген қайраткер қазақ жоқ шығар.

 

Тек осыған сәйкес қазақ, қазақ елі ел біткеннің алды болса болар еді. Анау қырда татар тұр, басқалармен қатар тұр, мынау ойда қазақ тұр, қастарында азап тұр деп айтылмаса әрі мұның мәні әлі күнге сақталмаса болар еді.

 

Екіншіден, хабардың өзі әлдебір жол, жетістік туралы нақты, нанымды ақпарат, саралау, салмақтау емес, біржақты мақтау ғана немесе әуелгі дұрыс ой сондайға айналып кеткендей.

 

Жақсы, керемет деп, еш есепсіз және мүмкін болған жердің бәрінде айтыла беретін сөздің шын-сәйкестігіне кепіл болу да оңай емес. Оның үстіне адамның өзі туралы ойы қашан да жоғары болары да бар.

 

Міне, осындай көп сөзді жыйналып алып, жарыса жарнамалау үшін не өзің өте аңғал болуың, не жұрттың бәрі сондай деген сезімде болуың керек.

 

Жамандар – жақсымын деп айғайлайды, жақсылар – жақсымын деп айта алмайды деген сөз де әлдекімге, басқа жақтағы біреуге емес, бірінші кезекте өзімізге қатыстылығын ұмытпау да жөн-ақ.

 

Сірә, не үшін өмір сүргенін, сүріп жатқанын кейде адамның өзі де біле бермейді. Дегенмен көбі еш күмәнсіз ар үшін, абырой үшін деп ойлайды. Ойласын. Тек мұны айғайлап айтуда не мән бар, бүйтіп оңды-солды сөз сапырудан қазаққа қандай пайда деген ой келеді.

 

Мысалы, «ол кісі : мен пәленбай ғылым доқтыры мен кандидатын шығардым, Пәленше, Түгеншелер менің шәкіртім» деп айтты дегенімде, химия ғылымының кандидаты Бақтияр Мыңбаев деген ағамыз: «ол – шәкіртім дер-ау, ал сол шәкірттері – оны ұстазым деп атар ма екен?» деп еді.

 

  1. «Дара жол» //Қаз. т/а, 14.07.17

 

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*