ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Сөзтаным

Ахмет Төренің ажырағысы келмейтін асыл сөзінің аржағы

әкімшілік 09/01/2021 92 рет қаралды

 

Ыспан

 

Сөзін қазақ дәрігерлері бір-бірімен қазақ­ша тілдесуі үшін қазақи-кәсіби лекси­ка орнығуы қажет деп оң, орынды бастаған Мұқаң, артынша-ақ бұл ойынан айный қалып,…

 

грек, латын тілінен енген … абсорбция деген терминді орыс тіліндегі түсіндірмесіне сүйеніп, «сіңіру», «жұтылу», «сорылу» деп қа­зақ­шалап шатастып жүрміз. Сіңіру – усвоение, жұтылу – поглощение, соры­лу – всасывание, ал абсорбцияның өзіне тән сипаты бар ерекше процесс, … терминнің семантикасынан а­л­шақ кететін, кейде түпкі терминнің де­фи­ни­циясына қайшы келетін шала туған ба­ламалардың пайдасынан гөрі зияны басым [1] деп қорытады.

 

Ырасында, солай ма?

 

Біріншіден, мұндағы жұтылу-поглощение, сорылу-всасывание, сіңіру-усвоение дегендер – осылай дәлірек жұптастыруға болатын өзара мағыналас, ұқсас және мүмкіндігіне қарай бірін-бірі алмастыра алатын атау-түсініктер. Әрі осылай жұптастыруға болатыны үшін-ақ бұл тіларалық пара-парлардың әсіресе алдыңғы екеуі абосробция-ның мәнін тіпті бере алмайды деуге болмайды.

 

Екіншіден, өзіне тән сипаты бар ерекше процесс делініп отырған абсорбция – адам ақылы, қазақ ойы жетпейтін нәрсе емес. Атап айтқанда, ол:

 

– «впитывание, (микроаб) сорбция, поглощение, всасывание» [2],

–«(лат. absorptio от absorbere — поглощать) — поглощение вещества всем объёмом сорбента» [3] деп түсіндіріледі.

 

 

Жалпы бұған түбірлес тағы адсорбция, сорбция дегендер бар және от лат. sorbeo — поглощаю: поглощение твёрдым телом либо жидкостью различных веществ из окружающей среды [4] деп түсіндірілетін сорбция – жалпы түсінік, жалпы атау да, абсорбция мен адсорбция – оның түрлері.

 

Ал мұндағы абіші, ішіне дегенді білдірсе, адбеті, бетіне дегенді білдіреді. Яғни «адсорбция[от лат. ad- к, при и sorbere поглощать, всасывать] поглощение вещества поверхностным слоем сорбента» [5] деген сөз.

 

Олай болса, абсорбция-ның бар ерекшелігі – затты ішіне тартатындығы, ішіне жабыстыратындығында, яғни жұтатындығында ғана және бұл архи заманауй, асқын ғылыми терминнің тілімізде әуелден бар, қарапайым әрі келтірілгендерден әлдеқайда дәл аталған қазақшасы да жоқ емес.

 

сүйрет: Zen.yandex.ru

 

Алдыңғы және келесі мақалалар

  1. Ахмет-Төренің «аборт»-ына айтарым — http://turki.kz/ahmet-torening-abort-yna-ajtarym
  2. «Түсік — ай-күніне жетпей туу» деппіз. Осымыз дұрыс па? — http://turki.kz/tusik-aj-kunine-zhetpej-tuu-deppiz-osymyz-durys-pa
  3. «Аборт» па, «түсік» пе — таразға тартайық — http://turki.kz/abort-pa-tusik-pe-tarazgha-tartajyq
  4. «Делать аборт — түсік түсіруді жасау» десек, бұған не дер едіңіз? — http://turki.kz/delat-abort-tusik-tusirudi-zhasau-desek-bughan-ne-der-edingiz
  5. Орыс көршісі соқыр шығып, бір көзі содан қысық қазекең — http://turki.kz/orys-korshisi-soqyr-shyghyp-bir-kozi-sodan-qysyq-qazekeng
  6. Ахмет төренің ов-шылдығы ұстап айтқаны — http://turki.kz/ahmet-torening-ov-shyldyghy-ustap-ajtqany
  7. Академик апамыз бен ағамыздың аласы мен шаласы — http://turki.kz/akademik-apamyz-ben-aghamyzdyng-alasy-men-shalasy
  8. Ахмет Төренің ажырағысы келмейтін асыл сөзінің аржағы — http://turki.kz/ahmet-torening-azhyraghysy-kelmejtin-asyl-sozining-arzhaghy

 

  1. Мухамбедия Ахмет-Төре Медицина терминдерін қалай қазақшалап жүрміз? //https://www.egemen.kz/article/169917-meditsina-terminderin-qalay-qazaqshalap-zhurmiz?fbclid; https://m.facebook.com/story.php?story_fbid;
  2. Абсорбция //Словарь русских синонимов, https://dic.academic.ru/dic.nsf/ntes/20/
  3. Абсорбция //ru.wikipedia.org
  4. Сорбция //ru.wikipedia.org
  5. Адсорбция //dic.academic.rudic.nsf/es/3726/адсорбция
Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*