ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Ахмет төренің «ов»-шылдығы ұстап айтқаны

әкімшілік 27/12/2020 184 рет қаралды

Ыспан

 

Өллә, біллә, шын айтып отырмын. Әлдекімге, әсіресе бәріңіз, бәріміз әр сөзін құп көріп қабылдайтын кісіге өкшең қыйсық дегім жоқ. Дегенмен өкшенің …

 

…қыйсығы қыйсық-ақ.

 

Өзіңіз-ақ ойлап көріңіз :

Әлемнің Айтматовы о дүниеге — ОВ-пен кетті. Мұхтар, сол — Әуезов күйінде «өмірден өтті», оған тағар қандай кінәміз бар? «Құлдық санадан» шыға алмай, ұлтын сүймей өтті ме екен, жарықтық? …

 

ОВ-тан бас тартқанның бәрі Момымшұлы емес, және бола да алмайды …

 

КОБЗОН паспортын КОБЗОНБАЙ деп өзгертіп, шапан киіп Қазақ сахнасына түйе жетектеп көшіп шықса да жөйт санасы өзгермейді …

Қазақша аты-жөнімізді жөндеп жазатын, қазақ екенімізді көрсетіп тұратын, армяндардың —ЯНы, грузиндердің —ШВИЛИі сияқты керемет нұсқа жоқ …Ұлтымыздың бейнесін танытып тұратын ұтымды заңдастырылған нұсқа болмай тұр ғой. Жүйеленбеген, шикі ұсыныстарды тықпалау арқылы «санамыздағы құлдықты» жоямыз деп «жазбамыздағы былықты» көбейтіп жүргенімізді ойлаған кім бар ?

«Құлдық сана» —ОВ құрыса құриды дегенге 100 процент келісу қиын …

 

Менің құжатымда Ахметов болып тұрғанымен, санам — Сұлтан… генетикамда «құлдық информация» ЖОҚ!!

Мен, галстукты кәпірлер атрибуты деп тақпаймын, бірақ жұртқа — «галстукты тастасаң мұсылман болып кетесің» — деп уағыз жүргізбеймін …

–ОВ; — ОВА-мен жүргендердің санасы «құлдық» па ? Олар «мәңгүрт» пе ? Ал жанталаса жүріп өзгерттік дейік. …(Сонда) МҰХАМБЕДИЯ АХМЕТТӨРЕҰЛЫ АХМЕТ Мұхамбедия Ахмемттөреұлы ма? әлде Ахметтөреұлы Ахмет бола ма? …

 

Қарғадан — бұлбұл, Қашырдан — дүлдүл шықпайды. -ОВ, -Ев, -Ёв-ты алып тастап сананы өзгертем деу — шарлатанство…..

 

Бұлар — Мұқаңның Шынайы патриотизм мен урапатриотизмнің ара жігін ажырату оңай емес ! Əр кəллəда бір қиял ғой. Осы сұрақты, оллаһи биллаһи, шын пейілмен қойып отырмын, ешқандай «қыттыққа тию» үшін емес дегендегі айтқаны (1).

 

Сірә, «қытыққа тию» үшін айтқаны оң, дұрысырақ болар еді.

 

Әйтпесе, мұншалық тауып айтылған, Айтматып, Әуезіп, Момышұлыларын бірінен соң бірін келтіріп, орын-орнына қойып айтылған сөзден соң «ов» дұрыс емес деуді қайтып ауызға алмасақ та болардай екен.

 

Мысалы, «Өте жақсы айттыңыз. Өз басым аты-жөнімді әуре боп өзгерткім келмейді. Құры далақтай бергеннен не пайда» (1) дейтіндер де аз емес сыңайлы.

 

Ал сіз не дейсіз, бұндайға?

сүйрет : Liveinternet.ru

Алдыңғы және келесі мақалалар

  1. Ахмет-Төренің «аборт»-ына айтарым — http://turki.kz/ahmet-torening-abort-yna-ajtarym
  2. «Түсік — ай-күніне жетпей туу» деппіз. Осымыз дұрыс па? — http://turki.kz/tusik-aj-kunine-zhetpej-tuu-deppiz-osymyz-durys-pa
  3. «Аборт» па, «түсік» пе — таразға тартайық — http://turki.kz/abort-pa-tusik-pe-tarazgha-tartajyq
  4. «Делать аборт — түсік түсіруді жасау» десек, бұған не дер едіңіз? — http://turki.kz/delat-abort-tusik-tusirudi-zhasau-desek-bughan-ne-der-edingiz
  5. Орыс көршісі соқыр шығып, бір көзі содан қысық қазекең — http://turki.kz/orys-korshisi-soqyr-shyghyp-bir-kozi-sodan-qysyq-qazekeng
  6. Ахмет төренің ов-шылдығы ұстап айтқаны — http://turki.kz/ahmet-torening-ov-shyldyghy-ustap-ajtqany
  7. Академик апамыз бен ағамыздың аласы мен шаласы — http://turki.kz/akademik-apamyz-ben-aghamyzdyng-alasy-men-shalasy
  8. Ахмет Төренің ажырағысы келмейтін асыл сөзінің аржағы — http://turki.kz/ahmet-torening-azhyraghysy-kelmejtin-asyl-sozining-arzhaghy

 

1.Мұхамбедия Ахметтөреұлының жеке парақшасынан, 05.03.19, 00:06

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*