ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным Тілтаным Түркіше-аңғылша

Қай тіл мықты? Қазақша-орысша-аңғылша қаратпа-кесте

әкімшілік 06/07/2018 110 рет қаралды

Ыспан

 

Карл Пятый, римский император, говаривал, что гишпанским языком с Богом, французским – с друзьями, немецким – с неприятелем, италианским – с женским полом говорить прилично. Но если бы он российскому языку искусен был, то, конечно, к тому присовокупил бы, что им со всеми оными говорить пристойно, ибо нашел бы в нем великолепие гишпанского, живость французского, крепость немецкого, нежность италианского, сверх того богатство и сильную в изображениях краткость греческого и латинского языков.

 

Бұл Ломоносовтың сөзі.

 

Орыс, ағылшын тілінің мықтылығына күмән жоқ. Осы сыйақты, қазақ тілі керемет дейтін сөзде де есеп жоқ. Тек бұлар қандай да дәлел негізінде емес, осылай жалпылама айтылып жатады. Сірә, тілдің мықтылығы түрлі қолданыстық қызметтерінің, құралдарының толықтығы, дамып-жетілгендігі бойынша анықталса керек. Мұндайды мысалы, қазақ-орыс-ағылшынның қаратпа сөздерін салыстыра отырып байқауға болады.

 

Жалпы қазақтың қаратпа сөзге негіз боларлық ағайын-туыс жүйесі

3-4 буынға дейінгі – туысқа,

5-7 буынға дейінгі – ағайынға,

7 буыннан кейінгі – алыс ағайын, жамағайынға жіктелсе керек.

 

Сондай-ақ қазақ қоғамы да бірнешеге бөлінеді, ол

  1. Отбасынан (ата-әже, әке-шеше, бала-шаға);
  2. Ағайын-туыстан (жақын туыс, туыс, алыс ағайын);
  3. Әлеуметтен (жек-жат, ел-жұрт, танитын және руы белгілі, қандай да қатынастағы қазақ);
  4. Жалпы жұрттан (танымайтын, кім, қайдан, қай атадан екені белгісіз, көшеде, қоғамдық орындарда кездесетін қайуана қазақ және адам атаулы);
  5. Ресми әлемнен

тұрады.

 

Осыған сәйкес қаратпа атты Туыс қаратпа, Қоғамдық қаратпа, Ресми қаратпа және Есім қаратпа деп бөлеміз.

 

Үш тіл қаратпасы (бірдей еместері алынды)

 

    ‒ Туыс қаратпа

а) ата жұрт

бала тұрғысынан

Атау аты

Қаратпа аты

 

 қазақшасы  орысшасы

аңғылшасы

 

 

ағаның әйелі

жеңеше, жеңге, жише

Анна Иванна,

сноха

 

Anne

әпке

әпке, әпше

Анна Иванна,

тетя

 

Aunt, auntie (aunt Jane)

 

әпкенің күйеуі

 

жезде

Иван Иваныш,

зять

Jon

келін тұрғысынан

қайын ата

ата

Иван Иваныш,

свекор

 

Jon

қайын апа

ене Анна Иванна,

свекровь

 

Anne

қайын аға

қайнаға

Иван Иваныш,

деверь

 

Jon

 оның әйелі ‒ үлкен абысын

 

жеңеше

Анна Иванна

 

Anne

қайын әпке

 

әпке

Анна Иванна,

золовка

 

Anne

 оның күйеуі

жезде

Иван Иваныш,

зять

 

Jon

қайын іні

мырзаға, төре

Иван,

деверь

Jon

 

 оның әйелі ‒ кіші абысын

келін, Әсем

Анна,

невестка

 

Anne

қайын сіңлі

 

бикеш (Бұбұл, Мөлдіркөз, Аққыз)

Анна,

золовка

 

Anne

 оның күйеуі

күйеу бала,

Әділ

Иван,

зять

Jon

ә) нағашы жұрт

нағашы аға

нағашы, таға

Иван Иваныш,

дядя

 

Uncle (uncle Jack)

 оның әйелі

жеңге, жеңеше

Анна Иванна,

невестка

 

Anne

нағашы әпке

әпке, әпше

Анна Иванна,

тетя

Aunt, auntie (aunt Jane)

 оның күйеуі

жезде

Иван Иваныш,

зять

 

Jon

нағашы іні (қарындас, сіңлісі)

Ернар, нағашы

Иван, Анна,

сестренка, сестра,сестричка, брат, братишка

 

Sister., Brother, bro (көбіне аты аталады)

 оның күйеуі (әйелі)

күйеу бала, келін Әділ, Әсел

Иван, Анна,

невестка

 

Jon

б) жиен жұрт

әпке, қарындастың баласы, қызы

 

Әділ, Әсел, жиен

Иван, Анна

 

Jon

 оның әйелі

келін

Анна

 

Anne

 оның күйеуі

Әділ, күйеу бала

Иван

Jon

олардың балалары ‒ жиеншар

 

Әділ, жиен

Иван

 

Jon

апалы-сіңлілі қыздардан туғандар ‒ бөле

Әділ, бөле, бөлеке

Иван

Jon

‒ Қоғамдық қаратпа

в) қайын жұрт

әйелдің әкесі ‒ қайын ата

 

көке

Иван Иваныш

Jon

 

әйелдің шешесі ‒ қайын апа

 

апа

Анна Иванна

Anne

әйелдің ағасы ‒ қайын аға

 

аға, қайнаға

Иван Иваныш

Jon

 оның әйелі

жеңеше, жеңгей

Анна Иванна

Anne

әйелдің әпкесі ‒ қайын бике

 

әпке

Анна Иванна

Anne

 оның күйеуі ‒ үлкен бажа

 

бажеке

Иван Иваныш

Tom

әйелдің інісі ‒ қайны

 

Әділ

Иван

Tom

 оның әйелі

келін, Әсел

Анна

Anne

әйелдің сіңлісі ‒ балдыз

 

балдыз(жан)

Анна

Anne

 оның күйеуі ‒ кіші бажа

 

бажа

Иван

Anne

г) жек-жат

құда

құдеке, құда

Иван Иваныш

 

Tom

құдағи

құдағи

Анна Иванна

 

Anne

құданың ағасы ‒ бас құда

 

құда

Иван Иваныш

Tom

 оның әйелі

құдағи

Анна Иванна

 

Anne

құданың інісі – құда

 

құда

Иван Иваныш

Tom

құданың баласы

 

құда бала

Иван

Tom

құданың қызы

 

құдаша

Анна

Anne

‒ Есім қаратпа:

 -қа, -ке арқылы жасалғандар:

Ақа, Жақа, Дақа, Зақа, Қақа, Мақа, Мұқа, Нақа, Нұқа, Оқа, Сақа, Тақа, Шақа, Шықа

Бәке, Бөке, Дәке, Жәке, Зәке, Кәке, Мәке, Нәке, Нүке, Рәке, Сәке, Тәке, Шәке

-еке арқылы жасалғандар:

Айеке, Ареке, Асеке

Әбеке, Әдеке, Әжеке, Әзеке, Әлеке, Әнеке, Әсеке, Әшеке

Қабеке, Қажеке, Қазеке, Қайеке, Қалеке, Қанеке, Қапеке, Қареке, Қасеке

-аға арқылы жасалғандар:

Азаға, Алаға, Араға, Асаға, Әнаға,

Елаға, Ераға, Есаға, Қалаға, Нараға,

Ораға, Осаға, Отаға, Өраға

Сәтаға, Сераға, Шераға, Шораға

Иван Иваныш,

Петь, Тань

Dickens (Dick) Jonathan ( Jon)

Әйелге қатысты:

Гүлнәр ханым, Гүлнәр апай, Гүл әкпе

Гүлеке, Нұреке, Әнеке, Зәке, Нәке

Нұрапа, Айапа, Нұрана, Айана

Анна Иванна,

Госпожа Гульнар

Mrs  Gulnar, Madam Gulmar, Miss Gulnar

 

Қазақ қаратпасының артықшылығы:

 

  1. Қазақшасы әркімді затына сай, яғни әлеуметтік мәртебесі, туыстық қатынасына қарай атап қаратады:

жеңеше, жеңге(й), жише, әпке, жезде, апа, көке, ата, ене, қайнаға, мырзаға, төре, бикеш (бұлбұл, мөлдіркөз, аққыз), келін, күйеу бала, құда, құдағый, құда бала, құдаша, бажа, бөле, нағашы, жиен, таға, балдыз.

Ал  орысшааңғылшасының бәрі адамның жеке атымен аталып, кімнің-кім, қандай туыс екені, алыс-жақындығы көрінбей қалады.

 

  1. ОрысшасыИван Иваныш, Анна Иванна деп адамның өз атына қоса әкесінің атын да атай қаратса, қазақшасы – адамның өз атын да атамайды және Бәке, Жәке деп құрметтей атайды.

 

  1. Қазақшасы – қысқа-нұсқа, айтуға қолайлы да, орысша-аңғылшасы – екі сөз, ұзын сөз, толық аттан тұрады.

 

  1. Қазақ қаратпасы шын сөзге негізделген.

Мысалы, аңғылшасысэр, мистер, батыр деп сері де, мистер де, батыр да емес, кез келеген адамды, тіпті керісінше, кеміс, қорқақ адамды да атай береді де, шындыққа сәйкес келмейтіндігі себепті толық мәнсізденіп, жай штампқа айналады. Яғни сэр, батыр деп қыйылғаны шын мәнінде жалған, өтірік сөз болып шығады. Ал қазақшасы – Бәке, Жақа, Ереке, Есаға деп, әрбір жағдайда нақты бір адамға қарата әрі оны құрметтей айтылатын ат. Яғни Бәйдібектің – Бәке, Жақсыбектің – Жақа болатыны жалғаны жоқ, ақыйқат сөз.

 

  1. Қазақша қаратпаның сөзі ғана емес, ондай туыстың өмірде өзі де бар.

Ал орыста, басқада  құдаша, құда бала, балдыз, қайнаға, жеңеше дегендер тіпті жоқ және әке-шеше, ата-әже, аға-іні-қарындастан өзге туыстар да жоққа тән.

 

  1. Қазақшаның бәрі туыстықтан бастау алады және тұтас бір әлемді құрайды: Бәке – Бақыт аға-ның ықшам нұсқасы.

 

  1. Қазақша – туыстық, үлкендік және әлеуметтік мәртебе негізінде жасалады. Басқаларда мұның үшеуі де көрінбейді.

 

  1. Тілімізде шөбере, шөпшек, немене, жүре жат, туа жат деген арнайы атаулардың болуының өзі қазақта ұрпақаралық байланыстың күштілігін, ойдан тыс қалмағандығын, санада байланып-бекітілгенін көрсетеді. Басқа жұртта сірә, мұның елесі де жоқ.

 

— жалғасы бар —

 

сүйрет: multiurok.ru

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*