ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Тілтаным

Айта-айта «Түркібас» «Түлкібас» болған ба?

әкімшілік 07/11/2018 189 рет қаралды

Ыспан

 

Зерттеуші Д.Қыдырәлі әуелгі Түркібас сөзінің құрамындағы «р»-ның сөйлеу тілі, жұрт аузында «л»-ға айналып, Түлкібас болып кетуі әбден мүмкіндігін жазады [1].

 

Алайда аталмыш мақалада осы «р-л» айналымына қатысты бір сөздің екі нұсқасының мысалы ретінде салыстырылған қаперімде мен қапелімде-нің екеуі – екі басқа сөз.

 

Мұсылманның екінші нұсқасы делінген мұсырман да – қазақ тілінде, сөздіктерінде жоқ және мұсылман-ды орыстың басурман деуіне еліктей айтудан шыққан бұзық сөз сыңайлы.

 

Залал мен зарар болса – екеуі де далал және дарар деген әрі мағыналары толық бірдей емес арап сөздері [2].

 

Жалпы қазақ тілінде түлкі, түркітүліктүрік сыйақты өзалдына «л» немесе «р» арқылы айтылатын сөздер өте көп, дегенмен олардың рұқсат – лұқсат – ұрықсат – ұлықсат сыйақты «р»-дан «л»-ға ауысып жататыны саусақпен санарлық қана әрі «Түлкібас пен Түркібас – екі басқа, бір-біріне тіпті жақындаспайтын ұғымдар» [3] деген сөз ырас.

 

Олай болса, Түлкібас Түркібас-тан шыққан, алдыңғы соңғының дыбыстық түрленімі деп, бұл жайды атау ауысуының бірден-бір дәлел ету негізсіз, нанымсыз болады.

 

сүйрет: interesnoznat.com

6-мақала, жалғасы болады

*Мақаланың толық нұсқасы «Түлкібас» «түркі»-ден шыққан ба? деп аталады.

  1. Қыдырәлі Д. Түлкібас атауы қайдан шыққан? //Okg.kz сайтынан, 20.03.18;
  2. Мамырбекова Г. Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің түсіндірме сөздігі, А., 2017, 656 б.
  3. Қамзабекұлы Д. Тіл. Білік. Дәстүр //Тіл саясаты: тағылым мен тәжірибе, А., 2006, 256 б. (90-б.)
Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*