ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Айтушы мен тыңдаушы – екі надан

әкімшілік 16/10/2018 893 рет қаралды

Ыспан

 

Қайраткер көкелер ұлт, ұлттық мәдниет туралы бұған дейін мың-мыйлон рет айтылған жауыр жырды қайталап, қазақ болайық деп термелейді, тыңдаушы да мұны алғаш рет есітіп тұрғандай күйге еніп, дуылдай қол соғады.

 

Ал шын мәнінде бұлар — шын айтылған сөз, шын соғылған қол емес. Жәй, әлдекім осылай айтуы және жұрт жамырап қол соғуы керек. Бұлар қазақпын деп айғайлайды, айғалап қояды, көз қылып айғайлайды және әлдекімге, әлдекімге ғана емес, өзіне-өзі, бір-біріне айғайлайды.

 

Қасқыр алатын ит оның артынан дымын шығармай, бұқпантайлап жүгіретіні, ал ауыл итінің иесіне және өзді-өзіне көз қылып үріп-шуылап-бағатыны, шулап қалатыны белгілі.

 

Шын болса, айтпай-ақ, айғайламай-ақ қазақ болар, қашан да қазақша сөйлер, қайраткер көкем әуелі өзінің сөзін түзер еді. Яғни айғайлата айтудың өзі – жалғандықтың, жоқтықтың белгісі. Жоқ әрі болмайтын, болайын демейтін де нәрсе орнын қызықсыз, қызыл да емес, қызғылт сөзбен толтыру әдісі.

 

Сірә, ұяламын дегені көңіл үшін (Абай) дегендей, бәрі де көңіл үшін, құры қарап отырмау, бос жүрмеу, әлдене деген, бірдеңе түсінген болу үшін.

 

сүйрет: susanin.news

Кілттік сөздер:

You Might also Like

1 Comments

  1. TALGAT 18/12/2018

    Мен,Айтбаев,Талгат Тогызбайұлы.07-03-83.ДІНІМ,ИСЛАМ,ҰЛТЫМ-ҚАЗАҚ.ТЕГИМ-АДАЙ.ШОГЫ_ҰРПАҒЫМЫН.МЕКЕНІМ_КЕЛІ_МАҢГЫСТАУ.362.ӘУЛЕ.. ДОСБОЛГАНГА,ҚУШАҚ ЖАЙЫП ҚАРСЫ АЛАТЫН,ПЕНДЕМИН,ДУШПАН,БОЛЫП ҚИАНАТ ЖАСАЙТЫН ШАЙТАНДАРГА.АСТУПРАЛЛА,ҚИЫП ТУСЕТИН,АЛЛАНЫҢ,БИР,СУЙГЕН,ҚУЛЫМЫН.ИНШАЛЛА.ӨТЕ,ОРЫНДЫ БРАҚ ЕСТИЕР ҚУЛАҚ ЖОҚ.

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*