ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Айтылған сөз – атылған оқ емес деп кім айтты

әкімшілік 08/01/2020 915 рет қаралды

сүйрет : pikabu.ru

Ыспан

 

 

Ақсақал айтсын, бай айтсын, кім айтса, мейлі, ол айтсын, айтылған сөз …

 

… атылған оқтай қысқа әрі нұсқа болуы керек.

 

Мысалы, «Қайрат» деудің орнына Алматы қаласының аяқдоп сайыстобы десек, сөзіміз шұбалаңқыланып қана қоймай, бұл топтың топтық, тұрақтылық, нақтылық сипаты әлсіреп, уақытша құрылған, бүгін болғанымен, ертең өзгеріп кетуі мүмкін дейтін түсінік туғыза атаған болар едік.

 

Яғни «Түркістан обылысы көкпаршыларының сайыстобы»  деу – атау емес, мәтін, мәтіндік атау да, «Құлагер» – әлдеқайда ықшам әрі атаулық атау болады. Дәл осылай, «Қазақ күресі» деп сипаттай атағаннан гөрі оның бір сөзбен әрі нақты мәні, мазмұны ашыла аталғаны әлдеқайда тиімді болмақ.

 

Айталық, каратэ – қарусыз қол, самбо – сама оборона, еркін күрес – барлық амал-тәсіл қолданылады дегенді білдірсе, «Қазақ күресі» деп екі сөзбен беріліп тұрған күннің өзінде бұл атауынан оның қандай күрес екені көрініп тұрған жоқ.

 

Әлемде де «қазақ күресі» деген күрес болады, ол мынандай болады дейтін түсінік жоқ.

 

Екіншіден, егер нақты бір сөзбен атаулана аталса, күресіміз әлемге сол атымен тарар еді, ал «қазақ күресі» барлық тілге аударыла алынатын еркін тіркес.

 

Олай болса, жаңа ат тағу – ұлттық күресіміз үшін маңызды қадам болмақ.

 

 

2-мақала, жалғасы бар

Алдыңғы және келесі мақалалар

  1. Жауырын-жамбас арасы, сөзімнің жоқ аласы әлде шаласы — http://turki.kz/zhauyryn-zhambas-arasy-sozimning-zhoq-alasy-alde-shalasy
  2. Бәскүрес — қазақ күресінің қысқа әрі нұсқа аты — http://turki.kz/baskures-qazaq-kuresining-qysqa-ari-nusqa-aty
  3. Қазақ күресін басқаша «баскүрес» десек болады — http://turki.kz/qazaq-kuresin-basqasha-baskures-desek-bolady
  4. Қазақ күресін «тіккүрес» деуге де болады — http://turki.kz/qazaq-kuresin-tikkures-deuge-de-bolady

 

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*