ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Ал басып, алжасып адасқан аташкім, апашкім!

әкімшілік 13/03/2021 283 рет қаралды

сүйрет : Yaplakal.com 

Ыспан

 

Дүниеге өмірдің, өзіміздің емес, жалған да жылтыр жанымыздың, осы күннің көзімен қарасақ, …

 

…«жиен»-нен жеритін де жөніміз бар. Мысалы,

 

Жиенді жиен демей, немере дейтін кім? – Кеше-бүгінгі аташықтар мен апашықтар!

 

Бұл ата-апашықтардың бұрынғы, қалыпты қазақтан артықшылығы – қыздың баласы, ұлдың баласы деп алаламайды және қызының көңіліне қарайды-міш.

Ал бұрынғылар қарамаған, тас жүрек болған сыңайлы.

 

Олар жиенді неге немере дейді? – Үйткені, орыс та оларды «алаламай», «внук» дейді әрі әдетте, қызының қолында тұратындықтан, орыстың жиенінен басқа немересі болмайды да. Екіншіден, «жиен» – «бөтен» дегенді білдіретін ауыр сөз-міш.

 

«Немере» – жылы, «жиен» – ауыр сөз бе? Сол үшін жат болып қалуы мүмкін бе? – Немере – ұлдың, жиен – қыздың баласы және солардың қалыпты аты. Жиен – жат дегенді білдірмейді.

 

Немере мен жиеннің бала, ұрпақ ретіндегі айырмасы неде? – Немере – өз балаң, өз ұрпағың, шаңырақ иесі, ал жиен – басқа ата, басқа үйдің ұрпағы, жатжұрттық қыздан туған туысқан ғана, ертең ол өзге үй, өзге рудың отын жағып, түтінін түтеді. Оның өз атасы, өз руы бар.

 

Ана ата, мына ата дегендер сонша маңызды ма? – Маңызды. Қазақ жеті атаға дейін қыз алыспаған. Ал бұл ұрпақтың тектілігі, қанының тазалығы, денінің саулығы үшін керек. Екіншіден, бұл – дәстүр және тіл мәселесі. Ал дәстүрді, тілді бұзуға, әлдекімге ұнайды-ұнамайды екен деп бір сөздің орнына екінші сөзді ауыстырып қолдануға болмайды.

 

Ал жаңа ата-апашықтар мұны білмей ме? – Олар өз дәуірінде тіл, діл, дәстүр атаулыдан бас тартып, өмірге тек ішіп-жеу, рақаттану, тыныштық, қолайлылық, қарабастың қамы тұрғысынан ғана қарап дағдыланған. Сондықтан олар үшін жеме-жемге келгенде дәстүрдің де, тілдің де бір тыйындық құны жоқ. Екіншіден, «менің немерем бар» дейтін менмендігі аспандап кеткен, өзін, көкірегін бәрінен жоғары қояды.

 

Яғни бүгінгі қазақ, ата-әже, ақсақалдар – екі жүзді. Олар бір жағы – салт-дәстүрді сақтайық, үлкенді құрметтейік деп ақыл айтқыш, бірақ – «жиен»-ді өз атымен атағысы келмей, өз қалауынша-ақ өзгерте береді.

 

Ал жиенді немере дегізудің бір себебі – қазақ отбасындағы бұрынғы он баланың екі балаға дейін азайып кетуі болса керек.

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*