ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Ал бұған Ұлан Рысқұл не деді?

әкімшілік 06/01/2020 277 рет қаралды

Ыспан

 

Дзю-додан бастап барлық күресте кең қолданылатын қарсыластың басынан аттау әрекетінің тағы бір …

 

…                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      … кемшілігі – ыспорттық та, адамдық та әдепке жаттығында.

 

Олай дейтініміз – әуелі басынан былай да, алай да аттап алып, артынша онымен қол алысып, төс қағысып,  құрмет көрсетіп жату қаншалықты шынайы болмақ әрі аттаған адамның өзі үшін де нағыз екіжүзділік болмай ма, бір сәтте істеген екі ісі бір-біріне қайшы болып шықпай ма деген де сұрақ туады.

 

Әрі бұрынғы күрес пен бүгінгі күрес толық бірдей де емес. Бұрын палуандар өз беті, өз қалауы бойынша және оңшалау немесе кішігірім орталарда кездесіп қап күресетіндігі себепті де осындай еркіндікке барған болса керек.

 

Ал бүгінде олар мыңдаған тікелей көруші мен телекөрерменнің көз алдында, қандай да біріншілік жоспарына сәйкес әрі көпшілікке арналған қойылым болғандықтан күреседі.

 

Яғни бастан аттау, қарсыласын жермен-жексен етіп масқаралау – күрестің кәзіргідей ыспорт түріне айналмай тұрған әуелгі, жабайы кезеңіне тән жайт болса керек.

 

Үшіншіден, қарсыласының басынан аттау ауырту әдістері қолданылмайтын қазақ күресінің, бәскүрестің мазмұн-мақсатына да қайшы келеді.

 

Сондай-ақ бүгінде бастан аттау үрдісі қолданыла ма деген сұраққа алғашқы Қазақстан барысы –  Ұлан Рысқұл да:

 

«Жоқ. Бүгінде мұндай жоралғы жоқ. Қазақ күресі – спорттық сайыс. Ол бақталастар бәйгесі емес. Боз­кілемде белдескенмен қос тарап төс қағыстырып, амандасып аттанады. Меніңше, бастан аттау басыну сынды» [1] деген еді.

сүйрет: stan.kz 

 

3-мақала, жалғасы бар

 

*Мақаланың толық нұсқасы «Бастан аттау – жігіттікке жата ма?» деп аталады.

 

  1. Ұлан Рысқұл, Кілемге шыққанда достық болмайды //halyk-gazeti.kz сайты, 07.05.2014, 09:42
Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*