ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Ал ғылым не дейді, Түлкібас па, Түркібас па?

әкімшілік 14/05/2020 248 рет қаралды

 

Ыспан

 

 

Өз еңбегінде Түлкібас та, Түркібас та деп екі ұшты ой айтқан Бартольд …

 

… Түлкібас ауылынан соң көшпелілердің қашан да қалаулы орны болған әрі 7–8-ғасырда түркі хандарының жазғы жайлауына айналған жалпақ төбе басталады. Ал басты жайлау Мыңбұлақ деп аталады» [1, 113-б.]

 

десе, 7–8-ғасырда салтанат құрған Түргеш қағанаты туралы кандидаттық диссертация жазған Қытай елінің тумасы Ә.Дәулетхан да:

 

… Түркештің Сұлұқ қағаны Суяб бекінісін үлкен Орда етіп отырған кездің өзінде жаздық ордасы Невакет маңындағы жайлауда немесе  Мыңбұлақ жайлауында болды [2, 105-б.]

 

Таң патшалығының жиһанкез монағы Шуан Заң 630-жылы Мыңбұлақтың әсем табиғатын тамсана суреттей келіп: «Онда мыңдаған қалың марал бар. Олардың көбі күміс қоңыраулы әсем мойындықпен жүреді. … Түрік қағаны оларды өте жақсы көреді. Өз қарамағындағы бұқараның оны аулауына тыйым салған…» [2, 109-б.]

деп, осы ойды қайталайды.

 

Яғни 19-ғасырдағы мен күні кеше және негізінен қытайлық дереккөз бойынша жазылған екі пікір бір жерден шығып, Түлкібас өңірі бір кездегі Түргеш қағанатының орны болғандығы туралы жорамалды қуаттап тұр.

 

Сондай-ақ Түргеш қана емес, оның алдындағы Батыс Түрік қағанатының да ордасы, орталығы Испиджаб (Сайрам), Құлан, Мыңбұлақ, Тараз, Меркі болғаны тарихтан да белгілі [3] әрі осы жайдың өзі-ақ Түркібас атауының, Түркібасы әулиенің негізсіз еместігін көрсетсе керек.

 

сүйрет: Yandex.kz

 

9-мақала, жалғасы бар

 

  1. Академик В.В.Бартольд Сочинения т. 4 (Работы по археологии, нумизматике, эпиграфике и этнографии), М., 1966;
  2. Дәулетхан Ә. Түркеш қағанаты: саяси және мәдени тарихи зерттеу (692–766-ж.) //Тарих ғылымның кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация, А., 2002;
  3. wikipedia.org/wiki

 

*Мақаланың толық нұсқасы «Түлкібастың «түркі» аталар қақы бар» деп аталады.

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*