ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Аллаға мінәжәт

 

Жаратушы бір Алла!

Біз сенің бар екеніңе,

мұқым дүние бір өзіңнің қалауыңмен жаралғанына,

сенің құдіреттілігіңе, мейір-шапағатыңа шын көңілмен сенеміз.

Мұны әрдайым жадымызда ұстаймыз.

Сенің еркіңе бағынып, әміріңе мойынұсынамыз. Өзің нәсіп еткен тағдырды шүкірлікпен, ырзалықпен қабыл аламыз. Сана-сезім, жан-тәнімізбен қашан да сенің жолыңда жүруге, өзіңмен бірге болуға ұмтыламыз.

Және де бар ынта-ықыласымызбен бір сенен ғана тілек тілейміз, сенен ғана көмек сұраймыз.

Ыйа, Алла, бізді, бүкіл пендеңді пәле-жала, кесір-кесепат, жын-шайтаннан, асылықтан аулақ қыл. Біліп және білмей жасаған күнәләрімізді кеше гөр.

Көңілімізге қанағат, жанымызға рақымшылық бер, ниетімізді түзу ет.

Басымызға амандық, денімізге саулық бер. Бойымызға нәпсі дертіне шалдығып, теріс жолға түскендердің мысын басып, беттерін бері қаратарлық қайрат, жігер бер.

Ізгі мұраттарымызға қолжеткізерлік күш-қуат бер.

Отбасымызға, әулетімізге бақ-береке, салауатты өмір бер.

Құдіреті күшті Алла, бізге адал да арлы, ақылды, ажарлы, жайдары, жібі түзу жар бер. Ұлды, қызды, үбүрлі-шүбүрлі ет.

Уа, Жаратқан ійе!

Тілегімізді қабыл ет, иманымызды кәміл ет. Әумин, Аллаһу-әкбәр!