ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Сөзтаным

Алтынды қалай аптайды?

әкімшілік 15/03/2021 314 рет қаралды

сүйрет : W2.projectstardust.org 

Ыспан

 

Адамды алтынмен, алтынды қышқылмен сынайды. Осы күнгі орыста өткеннің бәрін …

 

 

… ұмытып, өмірді жаңа беттен бастайық дегіш түсінік бар. Қазақтың да Қазан төңкерісіне дейінгінің бәрін талақ қылып, келмеске кетіріп, судай жаңарып, сүттей ағарып шыға келмек болған кезінде …

 

… ескі жұртта қалдырғанының, қалдырмақ болғанының бірі – кежегесінен кейін тартып тұратындай көрінген асыл тілі, бабалар сөзі еді.

 

Мысалы, бүгінде алтынмен аптап, аптап ыстық деген тіркес түрінде ғана айтылып қалатын апта, аптау сөздері көңілсіз ой, көтенсіз ғұламаның ойынша осы күйінде, өткен заманда қалып қоюы, уақытқа ілесіп өзгермеуі, жетілмеуі, жаңармауы тиіс.

 

Айта кету керек, апта етістігі Бас сөздікте де Жылтыратып жағу, жалату және Қару, ыстық ұру, Ұшықтау, сипау арқылы емдеу [1] дейтін қалт-құлт сөздермен, кеміс түсіндірілген әрі бір түбір, бір ұғымнан шығатын мәндер түбі басқа, түрі бір (омомним) сөздерше жеке-жеке жаңылыс берілген екен.

 

Дегенмен, аптау, алтынмен аптау сөздері негізінен жылтыратып жағу, жалату арқылы емес, күрт қыздырғанда пайда болатын алтын буының қатты бетке қонуы, отыруы арқылы жасалатынын білетін адам «Оның» латын тілінен аударылғанда ad беті, үсті + sorbereтарту, жабыстыру, яғни поглощение вещества поверхностным слоем сорбента [2] деп түсіндірілетін адсорбция-ның қазақша атауы, халықтық атауы екенін түсінсе керек.

 

Ал қатты дененің балқымай, бірден буға және дәл солай кері айналуы — орысша возгонка, шеттілше сублимация аталады.

 

Сондай-ақ «түйенің қотырын жазу үшін күкіртті тамға қамап аптайды» [3] дегенде де, Бас сөздікте [1] берілмей қалған аптап ыстық тіркесі де ыстық әрі ылғалды ауаның, будың денені қаруын, денені өбуін, яғни адсорбциялану-ды білдіреді.

 

 

  1. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 томдық. А., 2011-ж.
  2. Адсорбция //dic.academic.rudic.nsf/es/3726/адсорбция
  3. Әлдебір мәтін
Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*