ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Ақаңның айтқаны : орыс жазуы да оңып тұрған жоқ

әкімшілік 20/01/2022 96 рет қаралды

 

сүйрет : fishki.net

Ыспан

 

Кей жұрттардың тілінің шартына қарай дыбысына сәйкестеп әріп белгілеуге болмайды. Сондықтан оның да сөзінің жазылуы …

 

… мен айтылуы арасында басқалық болады.

 

Тілінің шартына қарай дыбысына сәйкестеп әріп арнауға болмағандықтан, сөзінің жазылуы мен айтылуы бөлектенген жұрттың мысалы – орыс қалқы. Орыс тіліндегі дыбыстарға сәйкестеп әріп белгілеу мүмкін емес:

 

– «сақал» орысша «барада» (борода), «сақалдар» дегенде «борыды» (бороды) дейді,

– «тырма» орысша «барана» (борона), «тырманы» дегенде «борыну» (борону) дейді.   

 

Бізде көпше жалғау немесе басқа жалғау қосылғанда, тек жалғау қосылғаны болмаса, сөздің басқа тұлғасы мен тұрпаты өзгермейді. Орыстікінде ондай емес : тек жалғау қосылып қана қоймайды, бүтін тұлға-тұрпаттарына өзгеріс кіреді. «О» дыбысы «а» дыбысына, «а» дыбысы «ы» дыбысына орыста айналып кете береді.

 

Сөздің дыбыстары осындай өзгергіш болған соң, орыс тіліндегі сөздердің дыбыстарына сәйкестеп әріп алуға болмайды. Дыбысқа сәйкестеп әріп алынбаса, сөздің жазылуы мен айтылуы бөлектенбей қала алмайды.

 

Мұндай жазуы бар жұрттың кей сөздерін дыбыстарына қарай жазуға болады, кей сөздерін дыбыстарына қарамай, тек жатталған түрде ғана жазуға болады.

 

Мәселен, орыстың бір сөзін дыбыстарына қарай жазсаң, он сөзін жатталған түрінде жазасың. Солай болған соң орыс жазуы сияқты жазуларға сөздің дыбысын айыра білудің керектік жағынан керексіздік жағы басым болып шығады.

 

Қай әдіс жақсы //Тіл тағылымы, А., 1992, 358–360-б. («Жаңа мектеп», 1928, № 4, 3-11-б.)

 

Осы тақырыпты  алдыңғы және келесі мақалалар тізімі

  1. Ақаң қазақ әліпбиін Ильминскийден алып жасаған — http://turki.kz/a-a-aza-lipbiin-il-minskijden-aly-p-zhasa-an
  2. Ақаңның айтқаны : қытай жазуы — жазу емес, сызу ғана — http://turki.kz/a-a-ny-ajt-any-y-taj-zhazuy-zhazu-emes-sy-zu-ana/
  3. Ақаңның айтқаны : ағылшын ит деп жазып, шошқа деп оқыйды — http://turki.kz/a-a-ny-ajt-any-a-y-lshy-n-it-dep-zhazy-p-shosh-a-dep-o-y-jdy/
  4. Ақаңның айтқаны : орыс жазуы да оңып тұрған жоқ — http://turki.kz/aqangnyng-ajtqany-orys-zhazuy-da-ongyp-turghan-zhoq
  5. Ақаңның айтқаны : мықты жазудың мысалы … — http://turki.kz/aqangnyng-ajtqany-myqty-zhazudyng-mysaly/
  6. Ақаңның айтқаны : жалпы жазу атаулы екі-ақ негізді… — http://turki.kz/aqangnyng-ajtqany-zhalpy-zhazu-atauly-eki-aq-negizdi/
Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*