ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Ардан аттап, адамдықтан кетудің бір жолы

әкімшілік 07/01/2020 313 рет қаралды

Ыспан

 

Не, қандай кәсіппен айналыспайық, бәріміз – ең әуелі адамбыз. Осыған орай, тәнімізге қоса жанымыз, адамдық ар-ожданымыз да …

 

… қорғалуы, қорланбауы керек. Бұған дейін жазылған ыспортық күрестегі бастан аттау жайы – осы ретте де өзекті мәселе.

 

Айталық, дені дұрыс адам біреудің басы түгілі белінен, аяғынан да аттамайды. Бұл – әдепсіздік қана емес, жаман қылық, жаулық қылық. Шөгіп жатқанда үстінен қасқыр секіріп кеткен түйе сол жатқан жерінен тұра алмай қалады деген де сөз бар.

 

Әдетте, қазақ тіріні былай қойып, өліктен де аттамайды. Орыстың өзі только через мой труп деп жатады. Ал қазақтың әйел әлде кемпірі босағаға жатып алса, үйге кірген жас қыз сол үшін-ақ сол үйге келін болып қалып қоятыны тағы бар.

 

Тіпті кез келген қалыпты адам үстінен біреуді аттатпақ түгілі, басынан сөз асырмайды. Яғни адамнан, оның басынан аттау – адамдықтан да аттау, одан кету деген сөз. Адамды былай қойып, тілімізде арқаннан, малдың шылбырынан, бақаннан, балтадан, көгеннен, көсеуден, күректің сабынан, құрықтан аттама дегендей бірнеше ондаған тыйым сөз бар.

 

Ал ыспорт адамға қарсыласын қалай да мұқатып-бағуды емес, бірінші кезекте ар-ұятқа дақ түсірмеуді, абырой сақтауды үйретуі тиіс.

 

Яғни бәскүрес аталатын қазақ күресінде әр палуан бір-бірін құрметтеуі, әдейі немесе аңдамай қарсыласының үстінен аттап кеткен палуанға ескерту жасалуы әрі бұл бәскүрестің бір артықшылығы, ерекшелігі ретінде бағалануы тиіс және бағаланатын да болады деп ойлаймыз.

 

сүйрет: qazaqstan.tv : Қазақ күресінің қара нары, үш дүркін Олимпиада жеңімпазы Александр Медведьті жеңген Әбілсейіт Айқанов

 

4-мақала

 

*Мақаланың толық нұсқасы «Бастан аттау – жігіттікке жата ма?» деп аталады.

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*