ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Әрі ақын, әрі әкімнің шын беті

әкімшілік 30/03/2022 69 рет қаралды

 

сүйрет : kartinkin.net

Ыспан

 

Ертеректе жамағаттарының  бітпейтін дау-дамайынан әбдән жалыққан Арыстан патша …

 

… ақылдыларың оң жақа, сұлуларың сол жақа бөлініп тұрыңдар дегенде өзін ақылды да көрікті санайтын Маймыл сұлу біресе ол сапқа, біресе бұл сапқа ауысып әуреленумен болған ғой.

 

Кейінірек, өзін жеті құрлықтың әміршісі әрі Алланың жердегі көлеңкесі санайтын Сүлеймен сұм мен сүйткен Сүлекеңді бұтына байлап алған кәпір қатыны екеуі өз қолдарымен буындырып өлтіргендерінің қанына белшесінен батып отырып, бір-біріне жүрегімнің жүрегі, әзиз жанымның әміршісі деп өлең оқығанда Шығыстың шайырларынан асып түспесе, кем соқпағандай.

 

Ал бұл қанішер ғашықтардың осы күнгі ұрықтары Түрік елінде бары-жоғын білмеймін, Қазақ елінде молынан кездессе керек. 

 

Ійә, ақылына көркі сай сұлулар мен маймыл тәтелерінің қасында әкімге әкімдігі, ақынға ақындығы аз көрінбесіне амал жоқ.

 

Тек бір жақсысы – олар маймыл құсап ары-бері жүгіріп әуре болмай, бір орындарында тұрып-ақ ақын да, әкім де бола алады.

 

Бұл – бүгінгілерінің шын беті.  

 

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*