ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Тілтаным

Бұрын болмаған кәріғыз, бүгін неден көбейді?

әкімшілік 03/11/2018 1330 рет қаралды

Ыспан

 

Ет дегенде басқаны былай қоятын қазекең кәріжілікті білсе керек. Білмек түгілі теледидар мен ғаламтордағы кәріжілікті қызға ұстатпайды, ұстатса кәріғыз атанып, оң жақта отырып қалады дейтін пікірден аяқ алып жүргісіз. Әрі мұны басқа жұрт та ақыйқат көреді.

 

Сондай-ақ …қызға ғана емес, жалпы жастарға берілмейді, себебі оның еті жұмсақтау, былжырап піседі [1], көбінде қарттарға ұсынылады [2] деген де тұжырым бар.

 

Осыған қарағанда кәріғыз болып қалу қаупі жастар қол соза бермесін деген ойдан шығып, осы ретте кәріжілік сөзіндегі кәрі түбірі сәтімен пайдаланылған ғана сыйақты.

 

Ал жіліктің өзі әуел баста қар жілік, яғни қол жілігі аталған. Кейінірек үндестік заңының күшімен қар/жілік болып қатар келген жуан/жіңішке түбірдің соң тұрғаны басымдық танытып, кәрі/жілік түрінде жіңішкере бірыңғайланған, кәріжілік-ке айналған.

 

Әрине, тіске жұмсақтығы, кәріге берілетіндігі үшін де кәріжілік аталуы мүмкін еді. Алайда, дұрысы – алдыңғы нұсқа.

сүйрет: azattyq.org

Дерекөз: 1. baribar.kz 2. massaget.kz

Кілттік сөздер:

You Might also Like

2 Comments

  1. Жәке 07/11/2018

    Мүмкін мал төлдегенде, төлдің ең бірінші алдыңғы екі сирағы мына жарық дүниеге ең бірінші шығады, сол себепті басқа жіліктерден үлкен деуінен кәрі жілік атанған шығар. Қазанға ет асқанда бастан бұрын «біссіміллә» деп кәрі жілікті салады біздің жақта. Ет тартқанда үлкендердің табағына салынады…

    Ответить
    1. Ыспан 24/11/2018

      Бәрі дұрыс, жақсы мәлімет. Тек алыңғы аяғы шыққаны үшін кәріжілік демейді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*