ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Сөзтаным

Бәскүрес дейік!

әкімшілік 22/05/2018 128 рет қаралды

Ыспан

 

 

бүгіндегі атауы

 

— қазақша күрес,            — қазақ күресі

 

 

кемшілігі

 

— 2005 жылы Ресейде (Алтай өлкесі) «Қазақша күрес» күресі бойынша І Азия Чемпионаты өтті [1].

Яғни мұнда қазақша күрес күресі делініп, күрес сөзі қатарынан екі рет айтылып, жаңылтпаштанып тұр.

 

— Математика ғылымында қосылғыштардың орны ауысқанымен, қосынды өзгермейді деген тамаша қағида бар. Қазақша күрес деген тіліміз жаттығып кеткен атауды Қазақ күресі деп өзгерткендер не ұтты? [7].

 

 

өзгерту

өзектілігі

 

Қазақша күрес немесе қазақ күресі дейміз қалай айтқан дұрыс?

— Екі атау да дұрыс емес деп есептеймін. Бұл саяси атау. Спорт – бұл бейбіт, келісім, ол ешкімге қысым жасамауы керек. Мысалы, орыс, қазақ немесе жапон күресі болғандықтан ғана оны дамытуға болмайды [2].

 

— Осы қай газетті ашып қарасаң да, теледидарды басып қарасаң да, қазақша күрес, қазақ күресі деп жатады. Күрес енді қазақтікі болмағанда кімдікі? Орыстың күресі демейді ғой [3].

 

— Біз неге бадырайтып қазақша күрес дейміз. Айкидо, дзюдо – жапонның күресі. Самбо – орыстың күресі. Бірақ жапон күресі, орыс күресі демейді ғой. Ертең әлемдік аренаға шыққанда біреулер қазақша күресуге келісе ме? [4].

 

— Мысалы, үлкен жиындарда Қазақтың күресімен қазақтар ғана күрессін. Бізге қажеті қанша? деген сыңайдағы сұрақтар төтесінен қойылып келеді. Кім де болса солай айтады [5].

 

— Әлем немесе құрлық біріншіліктерінде менен де Неге қазақ күресі? деп сұрап, түсінбестік танытқандар көп болды [6].

 

— Өзбек – кураш, татар – белбеу күресі, қырғыз – алыш деп атай бастады. Түрік, түркімен, әзірбайжан да ұлттық күресіне жаңаша ат беріп жіберген. … халықаралық федерация құрамына кіргуе «қазақ күресі» деген атау кедергі болып отыр … Көрші Қытай елі қазақ күресін бізде дамытудың ешқандай қажеті жоқ деп ашық айтып отыр. Себебі ол елде жүзден астам ұлт пен ұлыстардың күрестері бар [8].

 

— «қазақ күресі» деген атауды ауыстырайық, қазақ атауымен бұл күрестің болашағы бұлдыр, деп пікір айтушылар аз болған жоқ [9].

 

 

Яғни

— күресті қандай да ұлтпен байланыстырып, сонымен ғана шектей атау, оның қазақтікі екені  әрбір  аталған сайын көрініп, бетке басылып отыратын ету дұрыс емес әрі біздің өзіміз үшін тиімсіз жайт;

 

— әсіресе, жиі айтылатын нәрсені бір сөзбен атау қажет. Мысалы, Келісім-шарттың өзінде: «Қазақ терминшілері қауымдастығы», мұнан ары «тапсырыскер» деп, бір сөзге айландырып алады, айланыдра қолданады. Үйткені еш мәні жоқ артық сөз тіл үшін де, құлақ үшін де, уақыт, орын тұрғысында да артық әрі ысырапшылдық болады. Яғни қазақша күрес-тегі қазақ сөзі күрес түсінігіне ешқандай мән үстемейді;

 

— не нәрсенің де атынан заты, мәні көрініп тұруы шарт. Ал қазақша күресте оның қандай күрес екені, қалай күресетіні көрініп тұрған жоқ.

 

 

өзге ұсыныс

 

 

— Өзіміз қазақ күресі деп атай берейік, ал халықаралық аренада бәлкім күрес, бәлкім белдесу деген атау берген дұрыс …[5].

 

— Ұлттық күресімізді бүгін Күрес деп өзгерткенімізбен, ертең ол Курес болып аталатындығына және жазылатындығына титтей де күмән келтіре алмаймыз. Тіпті, бұрмалап, Куреш деушілер де табылар-ау. Сондықтан тілімізді алаламай, неге бірден Белдесу деп өзгертпейміз?! [7].

 

біздің ұсыныс

 

бәскүрес,                 — тіккүрес,                — баскүрес

 

 

біздің негіздеме

 

  — тіккүрес болатын себебі  –  тік тұрып күреседі, жатып, жантайып күреспейді. Тізе немесе қол жерге тиген сәтте-ақ күрес тоқтатылады. Тізе бүгу – яғни қазақ күресінде тізенің жерге тиюі жеңілуге, ұпай жоғалтуға жатады.

 

— Қазақ күресінің ерекшелігі – … күресуші екі балуанның біреуі кілем үстіне құлағаннан кейін күрес бірден тоқтатылады, яғни дәстүрлі қазақ күресі түрегеп тұрған қалпында ғана жүргізіледі [10].

 

 

— баскүрес болатын себебі – бұл күрес күрес атаулының әуелгі, алғашқы түрі. Күресің бәрі әуелде кімнің күші қанша екенін анықтауды ғана көздеген. Қарсыласын кеміту, жер қылу, бір жерін ауырту мақсаты болмаған. Екіншіден, қарсыласының бір жерін (қолы, тізесі, жамбасы т.б.) жерге тигізуді, оны қалай да құлатуды, жығуды көздеген. Ал оның шалқасынан әлде етпетінен немесе жанымен түсуінің айырмасы болмаған. Сондай-ақ қазақ тілінде бас түбірі арқылы жасалған сөз өте көп және бәрі де бірінші, басты  деген мәнге ие.

 

 

  — бәскүрес болатын себебі – қазақ күресінің және қазақтың күресуінің өзінің мақсаты – қарсыласын жеңіп, жер жастандыру, денесіне зақым келтіру, майып қылу, бір жерін ауыртып, жеңілдім дегізу, жер тоқпақтату, бақыртып, шақырту емес, оның жауырынын әлде жамбасын жерге тигізу, тізе бүктіру ғана. Яғни қазақ осындай, қарсыласынан күштілікті, ептілікті білдіретін бәс үшін ғана күреседі. Оны өзіне тең көреді. Ал спорттың да мәні – тас-талқан ету, қарсыласынының өзінен төмен екенін мойындату, ел алдында беделін түсіріп, қоғамдағы орнын көрсету емес, кімнің мықты, жетік екенін анықтау ғана. Сондай-ақ жоғарыда аталған баскүрес сөзі де айта-айта бәскүрес болары белгілі.

 

Яғни келтірілген тіккүрес, баскүрес, бәскүрес атауының үшеуі де қазақ күресінің басты мәні мен мазмұнын аша атайды. Атау құрамында бұл бәсекенің қандай бәсеке екенін көрсететін күрес деген сөз бар. Яғни бұл жерде бүкіл түркі жұртына ортақ күрес сөзі Айкй-до, Каратэ-до, Ушу-до, Дзю-до дегендегідей атаудың тұрақты әрі басты құрауышы, айқындауышы болып тұр. Екіншіден, үш буынды бір ғана сөзден тұратын, бірыңғай жіңішке дауысты бәскүрес атауы айтуға да, қолдануға да жеңіл және тез арада-ақ кең тарап, барлық тілге еніп те кетеді.

 

 

 

сүйрет: ru.wiki

 

Ұсыныс бізден, жетілдіру сізден болсын, қымбатты дос!

 

  1. e-history.kz/kz/contents/view/2232.
  2. http://e-history.kz/kz/publications/view/655 © e-history.kz;
  3. Базаров К.К. сауалы //http://alashainasy.kz/kazak_kuresi/kazaksha-kures-atauyin-tagyi-da-ozgertu-kerek-pe-55753/ «Қазақша күрес» атауын тағы да өзгерту керек пе?!;
  4. Оқырман сауалы //Бұл да сонда;
  5. Марат ЖАХИТ, күрестен ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы //Бұл да сонда;
  6. Серік ТӨКЕЕВ, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті //Бұл да сонда
  7. Нұрғазы САСАЕВ, «Алаш айнасы»интернет-басылымының спорт шолушысы //Бұл да сонда
  8. Әлімханов Е. Күрестің күрмеуі неге көбейіп тұр? //ЕҚ, 14.10.16, № 197
  9. Төкеев С. Қазақ күресі //Ана тілі, 13-19.04.17, № 15
  10. http://el.kz/kz/news/archive/content-16101

 

 

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*