ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Бала сату қазақта бұрыннан бар

әкімшілік 18/04/2019 237 рет қаралды

Егізбай Әсел Мұратқызы,

ТАРМПУ-дың 2-курс студенті

 

Соңғы жылдары әлем бойынша 12 мыйлон бала сатылса, оның 5.5 мыйлоны жыныстық құлдықта жүр екен [1].

Бала саудасында әлемде үшінші орынға шыққан Қазақстан тәуелсіздік алған аз жылда 30 елге бала өткізіп үлгеріп, бір АҚШ-тың өзіне 6 мың бүлдіршінді бере салыпты [2].

Алайда бала сату немесе сатып алу қазақтың бүгін білген «бизнес»-і емес. Мысалы, кешегі күнге көз жіберсек, …

 

… мұның қалыпты жай, халықтық дәстүр саналғанын көреміз.

 

Яғни балалары жасына жетпей шетіней беретін үйдің сыртына күндерде бір күн ымырт түсе үсті-басы алба-жұлба, түрінен адам шошырлық кемпір келіп:
– Осындағы әлгі екі ұры қайда? Көрейін мен ол пәтшағарларды! Ой, ой, ойдан келген он қожам-ау! Ой, ой, қырдан келген қырық қожам-ау! О-о, перуәрдігерім, таптым, таптым ұрыларды. Кәні, қайтарыңдар баламды деп зіркілдей жөнеледі.

 

Жақында ғана туылған кезекті баласының тағдыры қалай болады деп үрейленіп отырған ата-ана:

– Тақсыр-ай, ой, әулием-ай, бұл сіздікі екен ғой. Бізді қара басыпты. Мінеки балаңыз деп, құндақтаулы нәрестені керегенің астынан шығарып бере қояды.
Содан баланың жылағанына қарамаған құшынаш кемпір ауыл итін бір қауым жер шулатып, көзден ғайып болады.

 

Арада бірер ай өткен соң баланың әке-шешесі ешкім танымайтындай қып қай-қайдағы ескі-құсқыны киіп, баспанасы жоқ адамдай мосы, шәугімдерін, бір асым ет, бір салым тұзын алып, бір арқа отын арқалап және үш-төрт қойын айдап өткендегі кемпірдің есігіне келіп:

– Қаңғырып жүрген қайыршы едік, бізге бір қайыр-сақауат жасаңыз деп жалынады. Кемпір жақтырмаған пішінмен:
– Менде бары осы, – деп сынық қарма ап шығады да, бұлар нанды алудан бас тартады. Кемпір:
– Ой, кезбелер-ау, ой, міскіндер-ау, қоламтаға көміп пісірген күп-күрең қармадан артық не керек сендерге? – деп шүйлігеді. Ал бұлар:
– Бала, бала, – деп міңгірлеп, кемпір:
– Шариғатта ғарып-міскінге қарайласпағанды кәпірге жатқызады. Шын міскін бе едіңдер? – деп күмәндәна қарайды.
– Шын, шын, шын міскінбіз, – деп бұл екеуі шырылдай жөнеледі де, кемпір:
– Онда, Алланың менде тонда туған біреуі бар еді, бердім, – деп сырттағыларға баланың басын еңкейтіп, өзі алғандағыдай керегенің астынан береді.

 

Сүйтіп, бұлар баланы алып, әкелген дәм-тұзы, мал-мүлікін толық кемпірге қалдырып кетеді.
Қазақ тіліндегі Сатыбалды, Сатылған, Сатыш деген есімдер, сірә, Төле, Төлеген, Өтегендер де осы сатып алу дәстүрінен шықса керек.

 

сүйрет: Jasqazaq.kz

жетекшісі – Ыспандияр Ақайұлы

 

Мақала мәтіні А.Жүнісовтің Фәниден бақиға дейін ( А., 1994, 128 б.) атты кітабынан ықшамдалды.

 

1. Сәтиева К. «Бала сату» деген масқара қайдан шықты?! //«Алаш айнасы» // https://qazaquni.kz/2014/06/02/
2. Бала сату қылмыс па? // https://galym.jimdo.com

 

 

 

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*