ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Бәскүрес – бас күрес, басқалары – пәс күрес

әкімшілік 16/03/2021 77 рет қаралды

 

Ыспан

 

Адамның белсенді сәтіндегі қалыпты күйі екі аяғында тік тұру болса, жер тізерлеу немесе қолымен жер таяну …

 

… бұл реттегі қалыпсыз күйге, қалыптан шығарылған тұрысқа (поза) жатады. Күрес-таласқа түскен кез келген адам әуелі қарсыласын қалыпты күйден шығаруды, тұрғылықсыз әрі белсенді емес күйге түсіруді діттейді.

 

Мысалы, құқық қорғау саласы өкілдері талап ететін

-екі қолды жоғары көтеріп тұру (руки верх) немесе алдыға созып, артқа салып, айқастырып тұру,

-екі аяқ арасын алшайтып, талтайып тұру,

-екі қолды жайып, мәшиненің бетжапқысына (капот) етпеттеу,

-жерге жату, теріс қарап тұру

жайларының бәрі қалыпты күйден шығу, белсенсіз қалыпқа түсу болады.

 

Осы ретте қалыпты адам тізерлеп тұрып, жерде жатып, аунап жатып, үсті-басын былғап, өзі де қалыпсыз күйге түсіп күреспейді.

 

Өзі қарсыласының қасында, астында жатқан адамның «жеңісі» жеңіске, жеңгенге жатпайды.

 

Сірә, қалыпты, өзін, өзгені сыйлайтын адам, адам атына лайық адам жер жастанып, қан шыққанша емес, тік тұрып, қарсы жақты жыққанша, қалыпсыз күйге жеткізгенше ғана күреседі.

 

Бұл, яғни тізеге түспеу, тізден төмен түспеу – қазақ күресі, яғни бәскүрестің екінші бәсі.

 

Түйін

Яғни бәскүрестің бір бәсі мен бәсіресі 

–  күрестім, күресіп жатырмын екен деп тізеден төмен түспеуінде болса және жатса керек.

 

сүйрет:Sunhome.ru

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*