ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Бастан аттау – бәлені бастау деген сөз

әкімшілік 04/01/2020 337 рет қаралды

Ыспан

 

Барлық күрес түрінде, әсіресе дзю-дода мүмкін болған жағдайдың бәрінде …

 

… қарсыласының басынан, үстінен аттау, аңдамағансып әдейі аттау әрекеті кең тараған. Яғни оны күшімен, айла-әдісімен емес, қолайлы сәтті пайдаланып қалып, осылай қорлау арқылы жеңу, өш алу, ел алдында, көпшіліктің көзінше беделін түсіру, жер қылу, өзінен төмен санайтынын, адам құрлы көрмейтінін осылай айғайлата «айту» жайлары аз кездеспейді.

 

Алайда, бүгінде жай күрес түгілі ережесіз жекпе-жектің өзінде бас жарысып, көз шығарыса төбелескендер де артынша бір-бірін құрметтеп жатады, бұлай қорламайды.

 

Екіншіден, өзінің басынан аттап кеткен палуанды ешкім жақсы көрмесе, көре алмаса, оған сол сәттен бастап кек сақтаса, бітіспес жауға айналса керек.

 

Үшіншіден, бұл – ескі Рим алаңдарындағы гладиаторлар төбелесінде жай тірліктен жалыққан, еріккен, қанқұмар көрерменнің бармағын төмен қаратып, өлтір дейтініне ұқсас әрекет.

 

Олай болса, күрес біткеннің бір, бөлінбес бөлшегіне айналған бастан аттау жайы – әуелден достық, татулықты ту етуі тиіс, бірақ бақталастықтан да толық ада бола алмайтын ыспорттық жарысты өшпенділік туғызу құралына айналдыру болып шығатынын түсініп, оны тыйа, одан тыйыла білуіміз керек.

сүйрет:sputniknews.kz

1-мақала, жалғасы бар

 

*Мақаланың толық нұсқасы «Бастан аттау – жігіттікке жата ма?» деп аталады.

Кілттік сөздер:

You Might also Like

1 Comments

  1. Нурида 06/01/2020

    Жеңілген адамның басынан аттап кету оны қорлаумен тең. Бірақ күреспен айналысатын спортшылар бұл «дәстүрді» басқа саладағы немесе жай адамдар сияқты жүрегіне ауыр қабылдайды деп айта алмаймын. Күресте майдандағыдай. Я сен жеңесің, я сені жеңеді. Ол бәріне дайын. Сондықтан қара күштің иелері эмоцияға терең беріле бермейді. Әрине, бір-бірін құрметтеп, сыйлап жатса қанекей.

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*