ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Бастан аттау бұрын таза жеңіс саналған

әкімшілік 05/01/2020 641 рет қаралды

сүйрет: kazgazeta.kz

Ыспан

 

Осы күнгі күрес түрлерінде қарсыласының басынан аттау жайы кең тарағанын әрі мұның терістігін жазғанбыз. Сірә, бұны басымдықтың бір белгісі санайтындар да бар.

Ырас, ертеректе  …

 

… «бастан аттау қазақ халқының көне ырымдарының бірі болаған. Бұл түсінік бойынша жеңілген адамның күші жеңген адамға өтеді» [1] деп есептелген.

 

Сондай-ақ бастан аттау жайы жеңгендіктің де бірден-бір «дәлелі саналып» [1, 2], ««бас аттау» сияқты тәртіп болған» және сол арқылы «жеңімпаз анықталған» [3] да екен.

 

Яғни қарсыласының жаурынын жерге тигізіп жатпай-ақ, басынан аттап үлгерудің өзі жеңіске баланған, жеткілікті болған.

 

Біздіңше, қазақ таза жеңіске жеткенде және жеке ерегіс болған кезде ғана мұндайға барған. Ал бүгінде жеңгенді былай қойып, жеңіліп жатқан палуанның өзі мүмкін болған жағдайдың бәрінде қарсыласының басынан, үстінен әдейі аттап-бағады.

 

Олай болса, бір емес, бірнеше төреші жан-жақтан мұқият бақылап тұратын қазіргі күресте кімнің жеңіп-жеңілгенін бұлай анықтап-дәлелдеудің қажеті жоқ екенін ескеріп, бұл бұрыс үрдіске әзірден тыйым салған жөн деп есептейміз.

 

2-мақала, жалғасы бар

 

Алдыңғ және клесі мақалалар

  1. Бастан аттау — бәлені бастау деген сөз — http://turki.kz/bastan-attau-baleni-bastau-degen-soz
  2. Ал бұған Ұлан Рысқұл не деді? — http://turki.kz/al-bughan-ulan-rysqul-ne-dedi
  3. Ардан аттап, адамдықтан кетудің бір жолы — http://turki.kz/ardan-attap-adamdyqtan-ketuding-bir-zholy

.

 

  1. Әлімханов Е. Қазақ күресі // El.kz сайты, 29.05.2013;
  2. Әлімханов Е. Қазақ күресі //tarbie.kz сайты
  3. Әлімханов Е. Қазақ күресі. Тарих //beldesu.kz сайты
Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*