ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Басты прайым-ның бассыз пайымдары

әкімшілік 18/02/2020 892 рет қаралды

Ыспан

 

Баспасөзі мықты елдің болашығы мықты деген еді Міржақып Дулатұлы. Алайда, айтпаса сөздің  атасы өледі, қазақ теле публицистикасының бүгінгі бет-бейнесі біріншіден,

 

 жүргізушінің мәселені дұрыс қойып, дұрыс бағыттай алмайтындығымен,

 

екіншіден, шақырылған мамандарының да оны жіктеп-жіліктеп аша алмайтындығымен ерекшеленеді.

 

Мысал келтірейік :

BastyPrime-ның ақпан айының басында өткізілген бір хабары  қыз алып қашу мәселесіне  арналып, онда төмендегідей  тұжырымдар жасалды.

 

  1. Бір кездері әкелері шешелерін алып қашып үйлену жайы «психикаларына» әсер етуі себепті оңтүстіктің жігіттері қыз алып қашуға әуелден бейім болады екен.

 

2. Қыз алып қашуға тоқтау салу үшін әуелі мұндай түсініктің өзін қазақ санасынан мүлдем өшіріп тастау керек екен.

 

3. Оңтүстіктің тергеушілері «алып қашқанына, зорлағанына өзің кінәлісің, жігітке жала жауып отырсың, ертең ел бетіне қалай қарайсың, есік көрген қыз атанасың» деп, арызданып келген қыздың өзіне қысым жасайды, ал еркекті қамаудың орнына босатып жіберіп, істі жауып тастайды екен.

 

4. Қыз алып қашуға қатысты қылмыстық істі еркек емес, әйел тергушіге беру керек, үйткені әйелдің аты – әйел, ол зардап шегуші қыздың тағдырына немқұрайды қарай алмай, істі әділ шешетін болады екен.

 

5. Оңтүстікте гендерлік саясат жұмысы дұрыс жүргізілмейтіндіктен, әйел еркектен төмен саналып, қыз алып қашу қалыпты жайдай қабылданады екен …

 

… және соңғылар хабарға қатысып отырған заңгер, депутат қонақтардың әлдебір қызды шыңғыртып жатқанын есік алдында есітіп тұрған жігіт жеңгелерінің түк болмағандай, жай ғана қарап тұрғаны туралы бейне-көріністі көріп отырып айтқаны.

 

Біздіңше, жәбірленушіге қысым жасап, жәбірлеушіні босатып жіберу, істі жауып тастау дегендер – қандай да гендірлік саясаттың бар-жоғының емес, жоғары тұрған биліктің қоңырау шалу немесе пара берілу жайлары мен тергеушінің кез келген істен қандай да пайда көріп қалу ниетінің салдары ғана.

 

Мысалы, қоңырау шалынып, пара берілмесе немесе тұрмысы төмен жігіт әлдебір байдың, шенеуніктің қызын алып қашып, зорласа, жағдай мүлде басқаша болып, тергеуші де басқаша сайрар еді.

 

Ал әйел тергеуші мейірбан, әділетті болады деу – аспаннан алынған кеңестік сана сарқыншағы. Яғни сыбайластық пен жемқұмарлық және әділеттілік оңтүстіктің әйел-еркекегінде әртүрлі деу де – ақылға сыймайтын сөз.

 

Сондай-ақ адам адам болғалы бар халықта болған, әлі де бар нәрсе мен түсінікті қазақтың санасынан жоқ етіп жіберейік деп, қолдан келмейтінді айтып, азуды айға білегеннен гөрі Оңтүстіктің құқықтық жүйесіндегі парақорлық пен әділетсіздікті жою қажеттігі туралы мәселе қою әлдеқайда орынды  болар еді.

 

Ханда қырық кісінің ақылы болады дейміз. Сірә, мыйлондаған жұрт қарап отырған хабар дұрыс, пайдалы болуы үшін  жұрналшы басқа емес, өзі таңдап алған тақырыпты сол сала мамандарынан кем білмей, әңгіме тізгінін өз қолында ұстап отыруы керек.

сүйрет : informburo.kz

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*