ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

«Бурабай» – қазақ сөзі ме?

әкімшілік 30/05/2020 675 рет қаралды

 

Ыспан

 

Мағжан, Сәкен және басқа тарихшылар да Бурабай-ды қазақ сөзі санайды. Алайда …

 

… мұны терістеушілер де жоқ емес. Ал дәлел мынау:

 

Арқада жер жетпейді Бурабайға,

Ежелден қоныс болған Абылайға.

Ішінде сексен көлдің Бурабай бар,

Ұқсайды дөп-дөңгелек туған айға.

 

Бұл – Мағжанның толғауынан алынған үзінді [1].

 

 

Бурабай көлінің жағасын мекен еткен ақбас бура туралы аңыз да бар [2].

 

Тағы бір ақбас бура, – емес атан,

Жүріпті Көкшетауды қылып Отан.

Мұны да «көзі көрген» қарт айтады,

Тыңдаған әлеуметке алқа-қотан …

деп Сәкен Сейфулин де өзінің Көкшетау жырының бір тарауына осы аңызды арқау етіп, Бурабай атаған [3].

 

 

Бұдан Бурабай бұл өңірдің тарихи атауы деген түсінік туады.

 

 

 

Алайда белгілі жертанушы ғалым М.Серікбаев :

 

«Біз бәрін еш мән берместен Бурабай деп атап кеткенбіз. Салғыртпыз, көбіне басымызды ауыртқымыз келмейді» [4] дей келіп,

 

     — бұл көлдің де, Қостанайдағы Боровское ауданының да әуелгі аты Қарағайлы болғанын,

 

     — 1911-жылғы картада солай тұрғанын әрі ол кейін орысшаланып Боровое аталғанын,

 

     — енді келіп Қарағайлы көл деген тарихи атауы қайтарылу орнына, осы Боровое онан ары қазақшаланып, Бурабай болып кеткенін жазады.

 

 

Дәл осы екі мекеннің әуелгі аты – Қарағайлы көл дейтін мәлімет Укипедияда да тұр [5].

 

 

 

Ал тарих ғылымының доқтыры К.Абуев :

 

     — бірқатар авторлардың Бурабай Боровое-ден шыққан дейтін пікірде екенін айта келіп,

 

     — жағдай мүлде керісінше, «алғашқы орыс зерттеушілері мен келімсектері Бурабай-ды дыбыстық ұқсастығы бойынша Боровое ретінде қабылдап кеткен.

 

     — Бурабай – таудың аты емес, көлдің аты» [6], дұрысы – Бурабай деп қорытады.

 

 

 

Ал сіз не дейсіз?

Мұның қайсысы дұрыс, қайсысына сенеміз – қай сөз қай сөзден шыққан және көлдің аты Бурабай ма әлде Қарағайлы, Қарағайлы көл болуы керек пе?

 

сүйрет : Ok.ru

 

  1. Мағауин М. Мағжанның әні «Бурабай» //kerey.kz, 07.02.17
  2. Қожырбайұлы М. Бурабай. Аңыз бен ақиқат //abai.kz, 17.04.18, 10:44
  3. Қазақша өлең: Сәкен Сейфуллин, Көкшетау //zharar.com/kz сайтынан
  4. Серікбаев М. Соқыр тауық сияқтымыз //Дала мен қала, 10.06.05, № 23, 12-б.
  5. Боровое. Название; Боровской //ru.wikipedia.org
  6. Абуеев К.К. Топонимам вернуть исконные наименования //argazeta.kz, 02.08.13
Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*