ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Дәулеттің ала алмаған алтыны

әкімшілік 08/12/2018 242 рет қаралды

Ыспан

 

«Бапкерім: сен кілемнің қожайынымен кездесіп жатырсың, төреші жағынан қысым болады деп айтқан кезде мен басқаша дайындалатын едім» [1].

 

Бұл – «әлдекімнен жеңілем-ау дейтін ой үш ұйықтаса түсіне кірмейтін» даңықты палуанымыз – Дәулет Тұрлықановтың сөзі. Дәл осы сөзді ол өзінің «Тау тұлғалы ер Дәулет» деген тележұрналында да айтқан еді, өкінішке орай, кейін бұл сөзін таппай қалдық.

 

Сондай-ақ аталмыш жұрналда [2] КСРО құрамасының бапкері Генадий Сапуновтың:

 

… мен оның бапкері екеуіне бірнеше рет айтып, келесі жолы тағы да 68 келі салмаққа келсең, жарысқа жібермеймін деп жүріп, 74 келіге көшіргенмін. Содан бастап Дәулет ел біріншілігін қатарынан 7 рет жеңіп алды. Мұндай жай еш ұлтта болмаған …

дегені де бар.

Сірә, сәті түсіп Сапунов айтып, көндірмесе, біз дәл бүгінгі Дәулетті білмес те едік!

 

Осыған қарағанда, талай еларалық жарыста бәсіміздің төмен шығып жататының бір, бәлки, басты себебі – бапкерлеріміздің білім-білігінің қалыптан көп төмендігінен-ау деген ой келеді.

 

Яғни мәселе білекте емес, жүректе, баста, ойлылық пен ойсыздықта, шын жұтынып, шығандап ойлау дағдысы мен дәстүрінің бар-жоғында болғаны.

 

сүйрет:db-turlykhanov.kz

 

  1. Қазақстан барысы-2017, 3:53:43 – 56 аралығы, Есей Жеңісұлымен болған әңгіме
  2. «Тау тұлғалы ер Дәулет» тележұрналы
Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*