ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Дастарқан тілі – қазақ тіл біліміндегі Н.Нығматулин ашқан жаңалық

әкімшілік 09/10/2018 860 рет қаралды

Ыспан

 

Ійә, осындай дастарқан тілі дейтін тіл бар екен әрі ол әлі күнге негізінен дастарқан басы, тұрмыс аясында ғана қолданылатын, одан аса алыстай қоймаған қазақ тілі екен.

 

Олай дейтініміз – осыдан бірер жыл бұрын министр Ерболат Досаев Қазақстан Республикасының Парламентінде Пәленше Түгеншеевич деп сызылмай, қазақша сөйлеу дәстүріне сай Бәке, Сәке деп келе жатыр еді, сірә, қалай десе де, әуелден тілі орысша шығуына орай қазақ тілін жақтыра қоймайтын және әлі де орыстілді «іспійкер» Н.Нығматулиннің төзімі таусылып: «Да, оставьте Ваше Бәке, Сәке для застолье» деп, сөйлеушіні тыйып тастады.

 

«Қайран тіл, қайран сөз, наданға қадірсіз» демекші, осылай қасиетті тіліміздің Бәке, Сәке сыйақты сыйлы ортадағы қарым-қатынас барысында қолданылатын қаратпа сөздерін қазақша бір ауыз білмейтін, білейін де демейтін бүгінгі күннің ұлттық, мемлекеттік қайраткері Парламент есігінен от басы-ошақ қасына қарай бір-ақ сілкіп, лақтыра салды.

 

Ал ең бастысы – мұндай бейбастыққа сол жерде отырған жүзге жуық қайраткер қазақ пен мұны сыртынан бақылап отырған мыңдаған тілші, жұрналшы, жазушы қазақтың бірі мұның қалай деп мыңқ етпеді.

сүйрет: pinterest.com

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*