ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Сөзтаным

Дата-ның қазақшасы

әкімшілік 21/05/2018 269 рет қаралды

Ыспан

 

 

 

термин

 

дата

 

 

түсіндірмесі

 

– 1. Календарное время какого-л. события; 2. Помета, указывающая время (год, месяц, число) написания чего-л. (письма, статьи, документа и т.п.) [1].

 

– поставить дату – күнін (датасын) қою [2].

 

– запись, включающая в себя число месяца, месяц и год, иногда день недели, номер недели в году и систему летосчисления. Календарная дата — порядковый номер календарного дня, порядковый номер или наименование календарного месяца и порядковый номер календарного года. Иногда «датой» неправильно называют только число месяца [3].

 

– (күні,  айы, жылы) күн-ай : поставить дату – күнін қою [4].

 

– проставить – қондыру, жазу: проставить дату на письме – хатқа айын, күнін жазу [24].

 

 

түсініктің ұғымдық белгілері

 

– қандай да күн (уақыт, мерзім)

– күн-ай-жыл көрсеткіші

– күннің қандай да ретпен берілген көрсеткіші

 

 

сөз төркіні

 

фр. date – лат. data – данные [14].

 

 

мүмкін балама, оның түсіндірмесі

 

Күні – 4-мәні: Белгілі бір оқиға атап өтілетін күнтізбелік уақыт: жеңіс күні, конституция күні [5].

 

Ай – Жылдың он екіден бір бөлігін қамтитын мезгіл, 30 – 31 күндік мерзім.

 

 

әр баламаның ұғымдық белгісі

 

   Күні – 1) 24 сағат.           2) 24 сағаттың жарық бөлігі.

3) Уақыт өлшемі, уақыттың өлшем бірлігінің бірі. Мысалы, бесінші күні.

 

   Ай – 1) Отыз күн.     2) Жылдың он екіден бір бөлігі.        3) Уақыт.

 

 

әр баламаның оң-теріс жақтары

 

   Күнідата түсінігінің бірінші, тіпті кейде, әсіресе сөйлеу тілінде екінші мәнінде де қолданылып жүрген сөз. Мысалы, поставить дату – күнін қою [2], знаменательная дата, историческая дата түсініктері қазақ тілінде, әсіресе орысшадан аудармай, өз бетінше айтылғанда атаулы күн, тарихи күн деп айтылады. Ал орысшадан тікелей аудара жазғанда, әсіресе шалыс басып қалудан қауіптенгіш ресми адамдар дата деп қолданып жатады. Яғни күні қазақ тілінде, қазақ жады мен түйсігінде дата мәнінде қалыптасқан да. Қазақ мына құжаттың күні қойылмапты, астына қолыңды және күнін қой дегенде қандай да бір күн, число туралы емес, дата-ны, күнін, айын, жылын қоса айтады.

 

   Кемістігі дата ерекше жаралған шетел сөзі, ал күн, ол – день. Күн де, день де күн-ай-жылдан тұратын датаға тең емес деуге бейімдер үшін күн дата түсінігін бере алмайды, мағыналық тұрғыда жарамайды.

 

   Күн-ай – жаңадан жасалған бұл сөз әсіресе дата-ның екі мәні үшін де қолдануға болады. Әдетте дата үштігіндегі сандар ішінде ең тұрақтысы, аз өзгеретіні жыл. Ал ай, әсіресе күн күнде өзгеріп тұратын сан. Сондай-ақ осы дата-ны қоюда жыл өзгеріп кетіп, адамдардың соған байланысты шатасып жүру жайы жоққа тән. Яғни көбінесе күн мен ай өзгерісін байқамай қалуымыз мүмкін. Осы себепті онда, әсіресе күн мен айдың көрініс табуы аса маңызды. Осыған орай, оны басты көрсеткіштері (сандары) бойынша қысқа түрде күн-ай деп атау жеткілікті әрі ықшам болады. Мысалы,  датирован 1700 годом – 1700 жыл деп күн-айланған, без даты – күн-айсыз, датировать сегодяшним числом – бүгінгі күнмен күн-айлансын (бүгінмен күн-айланысын, бүгін деп күн-айланысын). Мұнда күнмен күн-айлансын дегенде күн екі рет қайталанып тұрғаны үшін жарамсыз деуге болмайды. Күн-ай күн-нен, ай-дан шыққанымен, енді ол күн де емес, ай да емес. Сол екеуінің қосындысынан шыққан жаңа құрамды, жаңа мәнді сөз. Енді күн-ай дей отырып, біз күн де, ай да, жыл да туралы емес, тек қана дата туралы айтатынымызды ұмытпау керек. Оның үстіне бұлай бір түбірлі немесе түбірінде ұқсастық бар сөздердің қатаралас қолданылу жайы кез келген тілде, соның ішінде қазақ тілінде де жетерлік. Одан қатынасқа тікелей зиян келмейді.

 

   Кемісітігі – жаңадан жасалғаны. Үйткені, тіл үнемі даму, түрлену, өзгеру үстінде болатын жанды құбылыс деп қанша айтсақ та және соны қайталап, қуаттап тұрып, қашан да сөздің бәрі тілде әуелден болған, болған болуы тиіс, бұрын болмаған сөзді жаңадан жасау күнә, Алланың алдына түсу дегендей түсінік тұтқынында боламыз. Әсіресе қазақ тілінде жаңадан сөз жасала қалса, қазекең елдің алдына түсіп, әдептен аттап кеткендей күй кешіп, өзінен-өзі қуыстанып, ыңғайсызданып-ақ қалады. Мұның өзі – көлеңкеден қорқу, кеміс сана көрінісі. Қазақ тілінде қандай сөздің болып-болмайтыны, қазақ тілі қандай болуы керектігі – басқа ешкімге емес, тек және қазаққа ғана керек, сол себепті тек қазақ қана шешетін мәселе.

 

 

біздің нұсқа, оның негіздемесі

 

   Күн(і)дата түсінігінің бірінші мәнінде. Тілімізде, сөйлеу, ойлау тілімізде, дағдылы тілімізде, өмір сүру тілімізде табиғи түрде қалыптасқан нәрселерді, сөздерді алып тастап, оның орнына жаңа сөз жасау, әсіресе шетел сөзін алудың еш қажеттігі, дұрыстығы жоқ. Үйткені, тіл – ақылдың, ойдың ғана емес, бірінші кезекте дағдының және сезім мен түйсіктің жемісі. Яғни нағыз, шынайы, кемел тіл – терең жүйелі ғана емес, бірінші кезекте дағдыда бар, мейлінше көптің дағдысында бар, сүйегіне сіңген тіл. Тілдің тіл болуы оны, ондағы сөздерді, басқа да бірілктерді неғұрлым көп адамның, бірдей мәнде білуіне және ақыл-ес деңгейінде емес, түйсіктік деңгейде білуіне байланысты анықталады. Ал жаңа сөздің ақылға қонып, көңілден шығып, дағдыға айналуы ұзақ уақыттық қолданысты, тіл, ой, сезім жұмысын талап етеді. Осы себепті қалыптасып қойған нәрселереге жеңіл-желпі, немқұрайды қарау қате болады.

 

   Күн-айдата түсінігінің орнына қолдансақ болады. Бұл кезде сөз, атау, онымен бірге түсінік те жаңарады. Мысалы, бұрын қазақ күн(і) деп қолданып жүрген кезде оның ойында құжатқа қатысты, қағазға қойылатын дата түсінігі болмаған. Ал бүгінде бұрынғы түсінік кеңейіп, тереңдеп, нақтыланып, оның басқа түрі пайда болды, ойымызға ой қосылды. Осыған орай, оны күн-ай деп атау арқылы ой мен сөз, мағына мен тұлға сәйкестігін орнатамыз. Ал шетел сөзін ала салу жағдайында түсінік өзгеріп, ойға ой қосылмайды. Бұған дейінгі күн(і) түсінігі ескі-құсқы, жарамсыз нәрсе ретінде ойдан шығарылып тасталып, ұмыттырып жіберіліп, оның орнына дата деген мүлде жаңа, бөгде түсінік күштеп таңылады. Бұл жерде әуелгі түсініктің жаңа түсінікке ұласу, ескінің жаңару, ортаның толығу үрдісі болмайды. Бөгде түсінік түсінік ретінде емес, сөз тұлғасы ретінде алынып, анық, айшықты емес, қашан да долбарлық (аморфтық), көмескілік сипатта болады.

 

Екіншіден, күн-ай дата түсінігіндегі негізгі белгілердің, яғни күн мен айдың  атауы бойынша жасалған және ойды, назарды  бірінші кезекте осыларға түсіреді, түсінікті де осылар арқылы береді.

 

Мұнда дата түсінігін күн(і), күн-ай деп екі түрлі атау арқылы оның екі мағынасын жіктей қазақшалау, әр мәнін жеке-жеке атау мүмкіндігі бары да көрініп отыр. Орыс тілінде бұдан да көп мағыналы немесе ғылымның әр саласында әр түрлі реңкке ие болатын және сол себепті көпшілік жағдайда қазақ тілінде бар мағынасын бір сөзбен қамти беру мүмкін емес сөз де, термин де көптеп кездеседі. Мұндай терминдерді қажетіне қарай жіктей, бірнеше сөзбен аудару, қазақшалау жөн болады.

 

 

сүйрет: xn-80agabe1dc.kz

 

Ұсыныс бізден, жетілдіру сізден болсын, қымбатты дос!

 

  1. Большой иллюстративный словарь иностранных слов, М., 2003, 957 б.
  2. Русско-казахский словарь М., 1954, 935 б.
  3. http://ru.wikipedia.org//wiki — ВикипедиЯ Свободная энциклопедия
  4. Орысша-қазақша сөздік (Н.Т.Сауранбаев басшылығымен шыққан)ғ М., 1954, 935 б.
  5. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 томдық. А., 2011-ж.
Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*