ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Сөзтаным

«Дата» сөзінің екінші, жаңадан жасалған қазақшасы

әкімшілік 18/11/2018 286 рет қаралды

Ыспан

 

Дата сөзінің мәнін мінсіз беретін әрі күні кешеге дейін кең тарапты қолданылған, талайдан бар күні деген қазақша баламасы бола тұра ресми мойындалмайтынын және осыған орай жай жұрт, қазіргі қазақ та оған сенім білдіре бермейтінін жазғанбыз [1].

 

Яғни әдепкі әріптергіш (буквоед) қазақ көзімен қарар болсақ, помета, указывающая время (год, месяц, число) написания чего-л.[2], запись, включающая в себя число месяца, месяц и год  [3] деп түсіндірілетін дата-ны күні деп атау өте жұтаң көрінері хақ.

 

Әдетте, дата үштігі (күн-ай-жыл) ішінде ең тұрақтысы, аз өзгеретіні – жыл. Ал ай, әсіресе күн – күнде өзгеріп тұратын сан.

 

Сондай-ақ осы датаны қоюда жыл өзгеріп кетіп, адамдардың соған байланысты шатасып жүру жайы жоққа тән. Көбнесе күн өзгерісін байқамай қалуымыз мүмкін. Осы себепті дата-ның қазақшасында әсіресе күн-нің, онан соң ай-дың көрініс табуы қажет.

 

Ендеше, оны осы басты көрсеткіштері бойынша қысқа түрде күн-ай деп атау жеткілікті әрі ықшам болады.

 

Бұдан 15 жыл бұрын жасалып-ұсынылған [4] күн-ай күн, ай сөздерінен тұратынымен, енді күн де, ай да емес. Осы екеуінің қосындысынан шыққан жаңа құрамды, жаңа мәнді сөз. Енді күн-ай дей отырып, біз күн де, ай да, жыл да туралы емес, тек қана дата туралы айтатын боламыз.

 

Екіншіден, күн-ай дата түсінігіндегі негізгі белгілер – күн мен ай атауынан жасалған және ойды, назарды  бірінші кезекте осыларға түсіреді, түсінікті де осылар арқылы аша айтады.

сүйрет: st-taseevo.ru

2-мақала, жалғасы болады

*Мақаланың толық нұсқасы «Дата-ның қазақшасы» деп аталады.

Ұсыныс бізден, қолдау, жетілдіру сізден болсын, қымбатты дос!

  1. Дата сөзінің тілімізде әуелден болған баламасы //Түркі.kz сайты
  2. Большой иллюстративный словарь иностранных слов, М., 2003, 957 б.
  3. Википедия Свободная энциклопедия
  4. Хабар теларнасы, «Тіл» бағдарламасы, 2004-ж.
Кілттік сөздер:

You Might also Like

1 Comments

  1. Жылкүнай десе ше? Күн-ай датаны толық қамти алмайды.

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*