ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Еден жуушыдан да пара алу – шектен шығуға жата ма?

әкімшілік 09/10/2018 4032 рет қаралды

Ыспан

 

Мектептің еден жуушысына дейін жұмысқа парамен тұрады екен. Бұл – Елбасының 2018-жылғы екінші Жолдауында айтылған сөз.

 

Ырасында, параны Банікке, Май-ға қызметке тұру немесе үкіметтің жоғары лауазымын алу үшін берсе, сондай қызметке тағайындау үшін сұраса, шарт етсе болар еді. Ал барып-келетін жолгүреге жетпейтін жалақысы бар, еден жуудан басқа билігі жоқ үйсыпырушы жұмысына параны кім, не үшін береді деген ой келеді.

 

Әрине, бұл – естіген құлаққа күлкілі, таңғаларлық әрі ұят жай және мұндай сөзден соң залда отырғандар, әсіресе бұл іске тікелей жауапты үкімет адамдары ұяттан жарыла жаздаса болар еді. Алайда, жарылмақ түгілі беттері қызармады да және мәселе күлкі де ме екен?! Күлсе, күле берсін!

 

Үйткені, өзім де «болар-болмас мектептің толар-толмас деректірі» ғана екенмін деп, пара алмаса, оның бала-шағасын кім асырайды?

 

Мектеп басшысы параны беріп тұрған мұғалімнен, еден жуушыдан, ата-анадан алмаса, басқа кімнен алады, басқа кім береді?

 

«Ит те болса», бастық деген атымен бір жалақыға өмір сүргені қалай болады және өзінен жоғары тұрған басшыға беруі тиіс парасы қайдан құралып-жыйналады?!

 

Мектепке деректір болғысы келе тұра, беретін бір тыйыны болмаса, нағыз күлкі сол болмай ма?

 

Әрі ұят, дұрыс емес екен деп немесе осындай әдемі сөз үшін-ақ өзі келіп тұрған парадан бастарту мүмкін бе және қай ақылға қонады?

 

Яғни параның аты – қашан да, қалай және кімнен алсаң да пара ғана. Оның мәні – кім беріп, кім алатынына да, мөлшеріне де байланыссыз.

 

сүйрет: azattyq.org

Кілттік сөздер:

You Might also Like

2 Comments

  1. Гулнара 20/12/2018

    Өтірік емес қой. Шындық қой. Қазір мектеп директорлары қалталы взятка бермесен орнынан кетесін

    Ответить
  2. Жангул 20/12/2018

    Бастықтар,кімнен не алмайды,,,бәрін-бәрін дәметеді ғой,,,,,жұмұсқа алу үшүн,,,,осы жолы бере алмасаң,,,,жұмұсқа кіргеннен кейін-2-айыңның табысын бересің дейді ғой,,,,,,еңбек ақыны,,,,бір жолғы-емдеу жәрдем ақысын,,,,лечебный пасобияны,,,,,,каму усулуганы-да,,,,жазғы-демалыс-ақысын,,,,отпускуной,,,,жұмұс орнындағы-зиянды,,,,,за вредныс,,,,төлем ақысын,,,,,т,б-бәрін жеп жатыр ғой,,,,,,айтсаң-біттің

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*