ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Еш себепсіз өзін-өзі аралап, шырыл қаққан жан, шіркін!

әкімшілік 26/03/2021 84 рет қаралды

 

Ыспан

 

Мұсылман болу әсті-әсті дегендей, айлардан ай, жылдардан жыл өтіп, 150 жылдай өзгенің илеуінде болған қазақ күндердің күнінде тәуелсіздігін жариялап, онан соң тілін мемлекеттік етіп, мұнымен де шектеліп қалмай, тағы бір кезегі келгенде …

 

… «-ов», «-ев»-ке бітетін тегін де өзгертпек болады. Бәрі дұрыс, бәрі де жөнімен жүріп жатқандай-ақ.

 

Алайда қай шыбынның шағып, не түленнің түрте қалғанын кім білсін, әдетте қазақпен тілегі де, жүрегі де бір Мұқаң аяқастынан нілдей бұзылып,

 

-ОВ; -ОВА-мен жүргендердің санасы «құлдық» па ? Олар «мәңгүрт» пе ? Ал, жанталаса жүріп өзгерттік дейік … МҰХАМБЕДИЯ АХМЕТТӨРЕҰЛЫ АХМЕТ … .(Мұамбедия Ахметтөреұлы ма? әлде, Ахметтөреұлы Ахмет бола ма?)

«Құлдық сана» —ОВ құрыса құриды дегенге 100 процент келісу қиын.

Қарғадан – бұлбұл, Қашырдан – дүлдүл шықпайды.  –ОВ, -Ев,  -Ёв –ты алып тастап сананы өзгертем деу – шарлатанство [1] деп шақшадай басын шарадай-ақ қылыпты.

 

Шынын айту керек, мұндайды әсіресе Мұқаңнан күтпегенбіз және неге ғана бүйтті екен, біз біліп-аңдамай жүрген тағы не бар еді деп әлі де таңбыз.

 

сүйрет : Russia-uncensored.ru

  1. Мұамбедия Ахметтөреұлының жеке парақшасынан, 05.03.19, 00:06
Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*