ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Ійә, Алланың жазғаны бар, бірақ, ол өзгермейтін де нәрсе емес

әкімшілік 15/02/2020 862 рет қаралды

Ыспан

 

Өмір – тыйатыр, ал  адамдар – әртістер дегенді  естіген Асқар Сүлейменіп

 

 «тек, бұлай болуы үшін  тыйатыр – өмір, әртіс – адам болуы тиіс» деген екен.

 

Ал жер үстіндегі өмір, тарих ырасында да бірде – гүлге, бірде – күлге айналумен, бір жерде – өссе, екінші бір жерде – өшумен болады және мұның бәрі әлдебір кездейсоқтықтан немесе әлдебір қайраткердің қалауымен емес, бір Алланың жазуымен ғана жүзеге асады. Яғни біз – бар болғаны өзімізге берілген үрөлді ойнаушы әртістерміз.

 

Айталық, салтына, даңқына қарасақ, кезінде адам айтқысыз биікке көтерілген қазақ жұрты, қазақ жаны Алланың жазуымен соңғы екі ғасыр бойы азып-тозу үстінде. Сірә, бүгінгі күніміз – бір кездегі  «арыстанның бақа-шаянға айналып», шашылып қалуының  бір сәті, соңғы сатысы.

Бір мысал келтірейік :

 

Кешегі кеңес заманында қазақты жүзге, руға бөлуде үлкен үрөл атқарған жазушы-жұрналшы қауымның бүгінгі ұрпақтары – қазақтың телесі мен радиосы, сақынасы мен киносы, тілшісі мен әдебиетшісі «Нұрлы күннен мұра боп қалған баба тілін» бұзуда алдарына жан салмай келеді. Яғни олар мұны артық я кемдігінен емес, «Тілді бұзатын – оқығандары» дейтін бұйрық әлде «сценарий» бойынша жасап отыр.

 

Сөз жоқ, әртістер өзіне тиген үрөлді үтір-нүктесіне дейін қайталап шығумен ғана шектелмей, Асекең айтқан адам да болса, үнемі құлдыраумен келе жатқан тарих дөңгелегі кері қарай да айнала бастар еді.

 

Үйткені Алла адамға өмір ғана емес, оны өзгерту бақытын да берген. Адам болжайды, Алла оңдайды деген бар.

сүйрет : turkystan.kz

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*