ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Тілтаным

Көпшілік: дұрысы — Түлкібас емес, Түркібас дейді екен

әкімшілік 13/10/2018 597 рет қаралды

сүйрет: mazhab.kz

Ыспан

 

Түлкібас-ты Түркібас деп өзгерту – сірә, тәуелсіз Қазақстан астанасын Алматыдан Астанаға ауыстыру сыйақты саяси тұрғыдан дұрыс шешім. Әрі түркі әлемінде Түркістан дегенге тең марапат ат, мәртебе ат. Түркістан – Тараз ортасына бүкіл түркі қауымының тағы бір қазығын қағу деген сөз.

 

Сондай-ақ «Түлкібасы – құт мекен» деген анықтамасына сай, Түлкібас – түркішіл Тұрар, қазақшыл Бауекең, ұлтшыл Шерағаң бастап, қазақтың талай жайсаң жігіттері шыққан жер. Яғни Түлкібастың жері де, елі де мұндай атқа лайық-ақ.

 

Дегенмен, бүкіл бір өңірдің тарихи атын өзгерту, елден ерек түркі түрлі ат алу үшін мұнан да гөрі нақты негіз керек. Мысалы, «Түркібасы атын қайтарайық» [1] деген үндеудегі:

 

…Түлкібас ауданының атын Түркібасы деп өзгерту туралы мәселе көптен бері көтеріліп жүр. Кейінгі жылдары аудан халқының арасында талқыланып, түрлі пікірлер айтылып, сайып келгенде, Түркібасы атауына басымдық беріліп жатқаны рас,

 

… Түлкібас күйінде қалмауы қажет, Түркібасы атын қайтару керек, – десетіндер өте көп,  

 

… Қазіргі Түлкібас атауы туралы әртүрлі аңыздар бар. … Соның бірінде түркінің дінбасы осында жерленгендіктен, Түркібасы атанып, бірте-бірте Түлкібасы, Түлкібас боп кеткен дейді.

 

Түлкібас десе, мен түлкінің басын көз алдыма елестете алмаймын. Түркібасы десе, көненің көне замандары көз алдыма келіп, көлбеңдей береді… 

 

Сонымен, Түлкібас атауын Түркібасыға өзгерту бүгінгі ұрпақтың тарихи парызына айналып отыр

 

дегендей ой-тұжырым жер атын өзгертуге емес, осы бағытта зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізуге түрткі, қозғау және игі тілек-ниет ғана бола алса керек.

 

1-мақала, жалғасы бар

 

Келесі мақалалар

  1. «Түлкібас» түлкібасты әулиеден шыққан деген де бар — http://turki.kz/t-lkibas-t-lkibasty-ulieden-shy-an-degen-de-bar
  2. Ғылым: «Түлкібас емес, Түркібас» депті, ал дәлелі … — http://turki.kz/y-ly-m-t-lkibas-emes-t-rkibas-depti-al-d-leli
  3. Түргеш қағанатының ордасы Түлкібаста тұрған ба? — http://turki.kz/t-rgesh-a-anaty-ny-ordasy-t-lkibasta-t-r-an-ba
  4. Бартольдтың Түлкібас емес, Түркібас дегені ырас па? — http://turki.kz/bartol-dty-t-lkibas-emes-t-rkibas-degeni-y-ras-pa
  5. Айта-айта «Түркібас» «Түлкібас» болған ба? — http://turki.kz/ajta-ajta-t-rkibas-t-lkibas-bol-an-ba
  6. В.Бартольдтың Түлкібас туралы өз сөзі — http://turki.kz/v-bartol-dty-t-lkibas-turaly-z-s-zi
  7. «Түлкібас» пен «Түркібас» туралы Бартольд сөзінің мәнісі — http://turki.kz/tulkibas-pen-turkibas-turaly-bartold-sozining-manisi
  8. Ал ғылым не дейді, Түлкібас па, Түркібас па? — http://turki.kz/al-ghylym-ne-dejdi-tulkibas-pa-turkibas-pa

 

  1. Мырзахметұлы М., Байғұт М., Сахабат С. Түркібасы атын қайтарайық //ЕҚ, 04.10.17, № 190
Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*