ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Кәріжілік жеген қыз — кәріғыз болар дегенбіз

әкімшілік 21/09/2018 2199 рет қаралды

Ыспан

 

Ет дегенде басқаны былай қоятын қазекең кәріжілікті білсе керек. Білмек түгілі теледидар мен ғаламтордағы кәріжілікті қызға ұстатпайды, ұстатса кәріғыз атанып, оң жақта отырып қалады дейтін пікірден аяқ алып жүргісіз. Әрі мұны басқа жұрт та ақыйқат көреді.

 

Сондай-ақ …қызға ғана емес, жалпы жастарға берілмейді, себебі оның еті жұмсақтау, былжырап піседі [1], көбінде қарттарға ұсынылады [2] деген де тұжырым бар.

 

Осыған қарағанда кәріғыз болып қалу қаупі жастар қол соза бермесін деген ойдан шығып, осы ретте кәріжілік сөзіндегі кәрі түбірі сәтімен пайдаланылған ғана сыйақты.

 

Ал жіліктің өзі әуел баста қар жілік, яғни қол жілігі аталған. Кейінірек үндестік заңының күшімен қар/жілік болып қатар келген жуан/жіңішке түбірдің соң тұрғаны басымдық танытып, кәрі/жілік түрінде жіңішкере бірыңғайланған, кәріжілік-ке айналған.

 

Әрине, тіске жұмсақтығы, кәріге берілетіндігі үшін де кәріжілік аталуы мүмкін еді. Алайда, дұрысы – алдыңғы нұсқа.

сүйрет: baribar.kz

Дерекөз: 1. baribar.kz 2. massaget.kz

Кілттік сөздер:

You Might also Like

2 Comments

  1. Логикаға келеді, дұрыс тұжырым.

    Ответить
  2. Самат 01/11/2018

    Қол жілік деп алдыңғы аяқтың жілігін атайды

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*