ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

«Катонқарағай» «қатын» сөзінен шыққан ба?

әкімшілік 03/11/2018 646 рет қаралды

Ыспан

 

«Катонқарағай»-дың «катон» бөлігінің қазақ тіліне жаттығы, тілімізде мұндай сөз болуы мүмкін еместігіне күмән жоқ. Әрине, мұны Б.Төлегенова айтатын «Қыз қарағай» [1] деген ән сөзі мен қарағайдың да ұрғашы, еркегі болатын шығар деген ой негізінде «Қатынқарағай» деп ойлауға да болады.

 

Ал бұл өңір әлі күнге «Катонқарағай» аталып отыр және жергілікті жұрт өкілдері «Қатынқарағай» атауын қаламайды әрі жаңсақ санайды [2]. Ғылымда да бұлай төркіндетуді терістейтін пікір бар [3]. Яғни бұл атаудың дұрыс қазақшасын тауып, ұсыну, бір шешімге келу қажет-ақ.

 

Қазақ тілін де, «Катонқарағай»-ды да бізден әлдеқайда жақсы білетін Қ.Ысқақов мұны Ана қарағай, Ене қарағай [4] тіркестері негізінде және жер-су ат саласының ата маманы Т.Жанұзақов — Алтай өңіріндегі «Қатын» өзенімен байланыстыра түсіндірсе, бұларға сеніммен қарарымыз анық.

 

Дегенмен, осындай екі бедел иесі айтып отырған күннің өзінде ол ойларының неге негізделгенін анықтау, нақтылау керек. Оның үстіне, мұны қотан арқылы түсіндіретіндер де жетерлік.

 

Яғни бұлай төркіндетуге келіспейтін себебіміз:

 

Біріншіден, қарағай ғана емес, не нәрсенің де еркек-ұрғашысы болатыны әрі олардың  екеуі де барлық жерде бірдей таралатыны, бір ет бір май боп, аралас тұратын белгілі.  Яғни аталған өңірде тек қана немесе басым түрде Ана қарағай өседі деуге еш негіз жоқ.

 

Екіншіден, қарағайдың ұрғашысы Ана қарағай, Ене қарағай деген дайын үлгі, қалыптасқан тіркестер тұрып әрі оларға үстемелене, бірінші, басты мәні жыныстық сипатты емес, әйелдің әлеуметтік мәртебесін білдіретін қатын сөзімен аталуы мүмкін емес көрінеді.

 

Үшіншіден, қатын қайың, қатын шырша дейтін де тіркес жоқ және жыныстық сипаты маңызды болып, «қатын қарағай» аталса, оның сол негіздегі орысшасы да болар, «катон» делінбей, сол орысшасы бойынша аталар  еді.

 

Төртіншіден, нақты бір өзенге байланысты аталуы үшін өңірдің өзі сол өзеннің бойында, алабында жатуы керек еді. Ал Қатын өзені Катонқарағай өңірінде емес, шегараның аржағында екен.

 

Бесіншіден, тағы да өзенмен байланыстырыла аталуы үшін ол өзен бойындағы қарағай басқа қарағайдан ерекше жаралып, тек сол өзенге тән болуы керек. Алайда бұлай деуге де еш негіз жоқ.

 

сүйрет: kaz.tengrinews.kz

1-мақала, жалғасы бар

  1. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, 15 томдық, А., 2011-ж.
  2. Ашимхан Даулет //Әлеуметтік желіден;
  3. Бияров Б. Өр Алтай (оңтүстік Алтай) оронимдері, ф.ғ.к. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация, А., 2000;
  4. Кәрімхан Заңғар //Әлеуметтік желіден;
Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*