ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Көркем сөз

Әкесі – сүрініп кетіп, атасы — адасып кетіп өлгенін бетіне басты

әкімшілік 18/10/2018 3080 рет қаралды

Әлпейіннің сараң бай атанған арғы атасы Тасболат кезінде көшкен жұртта қалып қойған кебеже кілтін екі кештің арасында жаяу іздеп шығып, сол кеткеннен мол кетіп, біржола жоғалып кеткен екен.

Кейінірек өз әкесі Мінтай бір байдың бейітін салам деп жүргенде моладан құлап мерт болады. Құрдасының осы қазалы жыйынына әлдебір себеппен қатыса алмаған Ермағамбет біраз жүріп қалып, уақыт өткізіп барып көңіл айта келсе, бұған өте өкпелі Әлпейін сәлемін алмай, іренжіген күйі басын төмен салып отыра беріпті. Сонда шыдамы таусылған Ермағамбет:

 

Өлімнің бір жағы жар, бір жағы тар,

Әлпейін жігіт едің ақылың бар.

Әкеңді құлап өлген қолмен қойдың,

Атаңнан кілтке кеткен не хабар бар? –

 

дегенде Әлпейін сасқалақтап: «Әй, Ермағамбет-ай, сенің-ақ әзілің бітпейді екен», – деп амалсыздан басын көтереді.

 

сүйрет: e-history.kz

 

Қарамендин Сейітқали, «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (1988) атты кітаптан

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*