ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Бала бет Көркем сөз

Кім кінәлі – айтпаған ауыз ба, естімеген құлақ па?

әкімшілік 03/11/2018 530 рет қаралды

Ыспан

 

Қазып жатқан шұңқырына түсіп кете жаздаған Кірпішешенді көзіңе қарасашы деп бір келемеждеп алған Борсық:

– Әй, Кірпі, осы сен не істейсің, қайтіп күн көресің? – дейді.

Кірпі:

– Мен жұртқа ақыл айтам, өзімнің екі ақылым бар, соларды сатып күн көрем, – дейді.

– Мынауың қызық екен, кәні, айтшы, ол қандай ақыл? – дейді Борекең.

– Мысалы, біреуге ор қазба, – дейді Кірпі.

Мұны естіген Борсық:

– Ей, мен бір пайдалы нәрсе болар десем, осындай да ақыл бола ма? – деп қолын бір сілтеп, жұмысын жалғастыра береді.

 

Арада біраз күн өтіп, Кірпі тағы да қыдырыстап келе жатып, өткен жолы өзі қазған шұңқырына түсіп кетіп, содан шыға алмай әуреленіп жатқан Борсықтың үстінен шығады.

 

Сонда Борсық:

– Уай, Кірпі досым, мені құтқар, айтпақшы, ана жолы сенің ақылыңды толық тыңдамаппын, екіншісі қандай еді? – дейді.

– Екіншісі, біреуге ор қазсаң, өзің түсесің деген ғой, – дейді Кірпі.

Борсық:

– Япырай, осыны сонда-ақ неге айтпағансың, мен мына шұңқырға түспес пе едім, – деп өкінеді.

– Ақылымды алмай қойған өзің емес пе едің, – деп Кірпі де бұрылып жүре беріпті.

 

Сірә, айтқан ақылдан қандай да пайда болуы үшін әуелі тыңдау, аяғына дейін тыңдау және түсініп-бағу керек.

 

сүйрет: youtube.com

 

Ауыз  әдебиетінен

Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*