ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Көмірден қазы, темірден май шайқайтын мәшине

әкімшілік 29/05/2021 270 рет қаралды

сүйрет : Informost.com 

Ыспан

 

Сізге мұнай әлде қара майға қуырылған шыны әкеліп, бұл – …

 

… «мясо по-французский» десе, сіз оны ерніңізді сылпылдатып отырып жей бастайсыз, тіпті жеп те қоясыз.

 

Бұл – Чехыптың сөзі [1].  Дені дұрыс қазақтың «Чехов» деп «о»-латуға ауызы бара қоймаса керек.

 

Ал қазақта өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай қылу дейтін сөз бар.

 

Яғни шын суайттың аузымен айтылған өтірік те, шын да айтыла-айтыла немесе біреуден біреуге өтіп айтылған сайын асқына түсіп, адам танығысыз күйге жетпек.

 

Яғни кезінде орекең французша дайындалған етше жеген қуырылған шыны олардан өтіп, бізге жеткенде, қазақтың жаны орыстан қашан артық еді, аңғылша, латынша дейтін ата даңқы, мата атымен кешегі де, бүгінгі де тамағымыздан қазы-қарташа өтіп келді және өтуде.

 

Тек осы уақытқа дейін әлдекімнің аузы қанап, іші өтіпті дегенді естіген пенде де жоқ.

 

Яғни тәбетіңіз («аран» емес) ашылсын, ашыла түссін демеске ылаж да жоқ.

 

 

  1. Чехов А.П. Кушанье подано : Подай вам жаренное стекло и скажи, что оно французское, вы станете есть и причмокивать – сізге қуырылған шыны әкеліп, бұл француздық десе, сіз оны ерніңізді сылпылдатып отырып жей бастайсыз.
Кілттік сөздер:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*