ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Арғы тарих

Әл-Фараби не жазды, не қойды?

әкімшілік 29/04/2018 162 рет қаралды

Ыспан

ӘБУ НАСЫР әл-ФАРАБИ  Әбу Насыр Мұхамед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби (870-ж., Отырар қ. – 950-ж., Сирия, Шам) – ұлы энциклопедші ғалым, ойшыл, пәлсапашы, матыйматшы, жұлдызтанушы, әуентанушы.

өмірі: Әскербасы отбасында туылған. Жасынан Орта Азия, Парсы, Ирак, Араб елдеріне жиһанкездік сапар жасап, көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасады. 70-ке жуық тіл біледі.

білімі: Отырар медресесі, Шаш, Самарқан, Бұқара, Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарлары.

ол туралы: Араптың атақты ғалым-жағырапшысы ибн-Хаукалдың «Китаб әл-масалик уә-л-мамалик» атты еңбегінде, 13-ғасырда өмір сүрген ибн-Халиканның «Уфиат әл-аиан фи әз-заман» атты еңбегінде Әбу Насыр әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлағ) таза түркі тілінде келтірілген.

жетістігі: Сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдылықтарын тапқан. Оның шұғыла туралы түсінігі Еуропа ғылымына 17-ғасырда ғана мәлім болды. Оны неміс аспантанушысы И.Кеплер арапшадан аударып «фокус» атаған. Мұны Әбу Насыр әл-Фараби сегіз ғасыр бұрын «күйдіру», «оттық орын» мәнінен шығарып «мұхарақ» атаған.

Өз қолымен ойыс айна, яғни парабола, линза жасап, ғылымда қолданды.

Тарихта тұңғыш рет Шолпан ғаламшарының Күн бетін басып өтуін бақылады.

еңбегі: 164 трактат жазып қалдырды. Оларда көне грек оқымыстыларының, әсіресе Аристотелдің еңбектеріне талдау жасады. Оның Метафизика, Категория, Бірінші және екінші аналитика сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазды.

  1. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы;
  2. Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері;
  3. Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы;

Мұнда Аристотелдің пәлсапасын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы пікірлерін ортаға салады.

  1. Азаматтық саясат;
  2. Нақыл сөздер;
  3. Ғылымдар тізбегінде ғылымды бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4) физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы;
  4. Ғылымдардың шығуында математиканың шығу тегі мен себептерін сөз етеді;
  5. Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктемесінде математиканың әдіснамалық мәселелерін сөз етеді, ұзақ уақыт мінсіз, мүлтіксіз саналып келген Евклид «Негіздерін» сынауға, өңдеуге, түзетуге болатынын іс жүзінде көрсетеді;
  6. Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс;
  7. Алмагеске түсініктеме – Птолемей еңбегіне жазылған түсініктеме;
  8. Алхимия өнерінің қажеттігі туралы;
  9. Адам ағзалары жөніндегі Аристотелмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат;
  10. Жануарлар ағзалары;
  11. Темперамент туралы;
  12. Музыканың ұлы кітабы – әуен әрі физика-математика жайында жазылған туынды;
  13. Риторика;
  14. Поэзия өнері туралы;
  15. Бақытқа жол сілтеу туралы;
  16. Вакуум туралы;

Табылмаған еңбектері:

  1. Болжамдағы геометрияға кіріспе;
  2. Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе – оның трактаты осы уақытқа дейін атақты Қорасан матыйматшысы Әбу-л-Уафаға телініп келгені анықталды.

шығармасы: Математические трактаты, А., 1972; Философские трактаты, А., 1973; Логические трактаты, А., 1975; Историко-философские трактаты, А., 1985; Естественно-научные трактаты, А., 1987; Избранные трактаты, А., 1994

сүйрет: qasym.kz

 

«Қазақ ғылымы: кім, не, қайда, қашан?» (2007) атты кітаптан

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*