ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным Сөзтаным

М.Тазабектің жөн сөзі және дөң сөзі

әкімшілік 15/10/2019 162 рет қаралды

Ыспан

Жөн сөзі :

 

Елде коррупция болса, жемқорлық болса,  … ол биіктегілерден көрінеді. Сол биіктегілерді кім тәрбиелеп шығарды?

Мынау құтты, қазыналы құрсағы кең сіз бен  біз тәрбиелеп шығарамыз.

 

Әкімшілікте, билікте, управлениеде, департаментте, министрлікте, Ақордада отырғандар — кімдер?

Осы залда отырған сіздің құдаңыз, бажаңыз, бөлеңіз, жиеніңіз, нағашыңыз, көршіңіздің құдасы, бажаңыздың бөлесі.

 

Ертең ел толқып, соларды бір шыбықпен қуып шықсаңыз да, сол жерге баратын кім?

Сіздің бажаңыздың  баласы, құдаңыздың көкесі, көршіңіздің інісі.

 

Аспаннан адам жаумайды, жерден керемет шенеунік өсіп шықпайды. Ел кімді тәрбилейді, солар барады. Билік пен бұқара бу мен су секілді. Судан бу көтеріледі. Бу су боп, жаңбыр боп, бұршақ боп қосылады. Бірінен бірі шығып жатқан дүние [1].

 

Ійә, бүкіл қазақтың арасында жат туған, жаны қас дейтін бір адам жоқ.

 

Тек бабалардың қолмен қойғандай етіп қалдырып кеткен және басқа еш жұртта жоқ осы байлығын сәтімен пайдалана біліп, елдің алды болып отырмақ түгілі білмей де отырған 21-ғасырдың ғұламаларына не дерсің?

Ең болмаса, кеттің ғой мал баға алмай деген ғой.

 

Екінішіден, не ексең, соны орарсың деген де ырас.

Дөң сөзі:

 

Күні кеше ғана  небір сөз жауһарын суырып салып, жырдан шашу шашқан жас Мұхамеджан бүгінгі кемелденген шағында …

дерзкий, командировка, коррупция,  

…сыйақты тіл, сөйлеу мәдениеті тұрғысынан былғаныш сөздерді қарша боратты [1].

 

Сірә, заманның азып,  адамның тозғанының бір белгісі осы болар. Үйткені, бұлар – тек М.Тазабектің емес, барлық-дерлік ақын-жазушының да  аузынан оңды-солды атқылап жататын кір-қоқыс.

 

Яғни тілді түзеу, ауызды тазалау кім-кімге де керек-ақ және ол соншалық қыйын, қолдан келмейтін де  іс емес. Тіпті болмаса, сөйлемей қойған жөн дер ем.

сүйрет: Cont.ws

  1. М.Тазабек: «Қазақстанда ешкім аштан өлмейді» атты бейне таспадан

 

Кілттік сөздер:
Алдыңғы мақала
Келесі мақала

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*