ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Маңқа қазақтың маңқасы

әкімшілік 24/12/2020 520 рет қаралды

сүйрет : 4archive.org  

Ыспан

 

Маңқа қазақ – қырғыздың келемежі. Оның бұлай деуіне бұрын бір себеп болса, бүгінде екінші себеп қосылғандай. Олай дейтініміз – …

 

… біріншіден, қазақтың Бас сөздігіне сенсек, маңқа – мұрынбоқ деген ғана сөз [1]. Ал біздіңше, ол – мұрынның бітіп қалып, дем жүрмей қалуы да. Айыр қалпақ ағайын да осы мәнді, яғни кей қазақтың мұрнымен сөйлеп, әнді де мұрнымен айтатынын меңзесе керек әрі бұған пәлен-түген демейміз де.

 

Тек қырғыздың осы мазағы аздай бүгінгі қазақ оның үстіне маңқалықтың екінші, жасанды түрін, өз маңқасын жамау үстінде. Атап айтсақ,

 

— орысқа, орманға еліктеп, қазақ тілін бүлдірмей сөйлей алмайтын жаңа қазақсып, еурожандысып, қалай да жылтырап қалуды күйттейтін жыртақайларды былай қойып, бүгінгінің үлкен-кіші, кәрі-жасының бәрі Ң-ның орнына ЫН деп бағып, кешегі, сөзіміз де, өзіміз де құрып-бітуге бет алған кеңес үкіметінің өзінде болмаған өнерге басып жүр;

 

—  бар қазақтың көзі, құлағы болып отырған қазақ теледидары осы бір жаңа әрі озық дәстүрді «Бассыздықты тоқтатындар», «Сен өзін рұқсат еттін  ғой» дегізіп жаппай жарнамалап-насихаттауда;

 

— әсіресе ҚазЫспорт теле арнасы бүкіл қазақта дені дұрыс қазақ тілді жұрналшы әлде қатын құрып қалғандай, Иринасын ауыз ашқан сайын ЫН-датып, сақауландыруын ол да қояр емес;

 

— ең бастысы – жылдар жылжып өтіп жатыр, ал қазақтың әшейінде ауыз жаппас ақылгөйлігі мен ұлт ісіне «адалдығында есеп жоқ» тілші-жұрналшы-жазушыларының біреуінің әй, қой деп, ажалық-қожалық етер түрі жоқ;

 

-тағы бір бастысы – Бас сөздік бүкіл қазақ ереңсіз, ереңсіздеу дейтін сөзді еренсіз, еренсіздеу [1] деп, тіл академиктер де маңқаға маңқа қосуда екен әрі олардың маңқасы мұнымен бітпейтін де сыйақты.

 

Олай болса, Ң деудің орнына, Оны жұтып қойып, жоқ қылып жіберіп айтылатын, яғни өз орнында тұрмаған ЫН мен осыған тікелей жауапты мыңдаған жанның құлағы керең тартып қарап отыруы, кердең қағып жүруі – маңқалық, маңқаның бір түрі емей, немене!

 

  1. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, А., 2011
Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*