ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Молаға қарай жүгіре жөнелуге не себеп?

әкімшілік 27/02/2020 882 рет қаралды

Ыспан

 

Қазақ ажалды бала молаға қарай жүгіреді деген де қойған, неге үйтетінін ашып «айтпаған». Алайда  мұнда

 

«ажалды адам» демей, «ажалды бала» деп тұр ғой. Яғни әңгіме ақыл тоқтатқан адам емес, бала туралы.

Ал бүгінде молға қарай бала ғана емес, аға қазақ, ата қазақ та жүгіре жөнелгіш.

 

Мысал келтірейік.

 

Денсаулық саласы мамандары жұрттың коронарлық вирус сайран сап тұрған елдерге бармауын сұрайды. Бармау керек дей салмай, өтініп сұрайды. Неге өтінеді? Үйткені жай айта салған жеткіліксіз болғаны.

 

Жол қызметкерлері боран соғу қауіпін айтып, халықтың қаладан шықпауын ескертеді, ескертіп қана қоймай, жолды жауып тастайды. Алайда көп ұзамай-ақ жолға шығып кетіп, боранның астында қалған ондаған, жүздеген көлікті құтқару қажеттігі туып жатады.

 

Сіз берген мың теңгені ештеңе істемей-ақ бірнеше күннен соң екі мың қылып қайтарудың ақылға сыймайтын нәрсе екені әлімсақтан белгілі. Ақшалық пирамида дегеннің де шығып, жүздеген жанды қан-қақсатқанын көзбен көріп, қолмен ұстап жүргенімізге де отыз жыл. Дегенмен, әлі күнге сол қораға кіріп кетіп, енді оларды үкімет, құқық қорғау орындары қудаламасын, сонда ақшамызды қайтарып алуға мүмкіндік туады деп шулап жатқан қазақ та көп.

 

Ал бұл ненің белгісі?

 

Біріншіден, өзгелер де, өздері де күнде қайталап айтып жүре тұра, айдалада иесіз жатқан батпан құйрықтан дәмешіл бала қазақтың әлі көптігін көреміз.

 

Екіншіден, өзгелер де, өздері де күнде бұл дұрыс емес деп жүріп, қанағатсыз көңіл, тойымсыз жанына тоқтау сала алмайтын шала қазақтың да әлі көптігін, сөйлеулі ақыл көп болғанымен, байлаулы ақылдың жоқтығын  көреміз.

 

Үшіншіден, сіз берген жүз мыңды қайтару үшін басқа жүздеген адамның қармаққа ілінуі тиістігін біле тұра, біздің ақшамыздың қайтарылуына мүмкіндік берілсін дейтін талапшылдық пен «ізгішілдікті» көреміз.

 

Мағжан: «бесігіңде жата бер бала қазақ» деген. Яғни аталған сөзді «ажалды бала» деп мәймөңкелетпей, «ажалды қазақ» деп өзгертсе де болғандай.

 

cүйрет : pikabu.ru

Кілттік сөздер:

3 Comments

  1. Жауғашты 28/02/2020

    Әлі де бала қазақпыз, шала қазақпыз ,генімізді бұзып,руһымызды билік жаншып тастаған, шалажансармыз! Уа тәңірі қазақты қолдай көр !

    Ответить
  2. Нағаш 03/03/2020

    Ыспан, қармаққа деген сөзде қате кетіпті, жөндей сал

    Ответить
    1. әкімшілік 10/03/2020

      Рақымет, Нағаш!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*