ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Дүниетаным

Мұны әсіресе әйелдер айтуы қажет-ақ

әкімшілік 17/03/2019 278 рет қаралды

Таштамирова Зухра,

ТарМПУ-дың 2-курс студенті

 

Бай болу да, бай болуды армандау да

 

күнә емес. Қылмысқа да жатпайды. Бала кезден ата-анамыз нанды баспаңдар, қыйқымын басқа қоқысқа қоспаңдар дегенді құлағымызға құйып-бақты. Тіпті оны тастамай, алақанға сап жеп қойған бала бай болады деп те айтатын. Бұған сонша сенбесек те, нанды қашан да қадір тұтып өстік.

 

Алайда, бүгінде дастарқан үстіндегі нан қыйқымын сыпырып алып, қоқыс салғышқа тастай салатын қыз-келіншек көбейіп кетті. Ал жолда, аяқ астында жатқан нан қалдығына нан екен деп қарамау қалыпты құбылысқа айналды. Мұндайды көре-көре көз үйреніп, етіміз де өліп барады.

 

Сірә, нанға немқұрайды қарау, бұл реттегі ата-баба дәстүрін аяқасты ету астамшылық, азғындық жолға түсу ғой. Ал астамшылық – адамның Алла алдындағы күнәсінің үлкені. Сонда осынша күнәға белшеден батып жүріп, Алладан тілек тілеу, жақсылықтан үміт етуде не мән болмақ?!

 

Кім, қалай ойлайды, осыған шыдауымыз керек пе? Мұны әсіресе әйелдер айтуы қажет-ақ.

сүйрет: rikabu.ru

жетекшісі: Ыспандияр Ақайұлы

 

Кілттік сөздер:

You Might also Like

1 Comments

  1. Иа шыны керек қазіргі таңда бәрі өзгерді, дүниеде адамдар да және өкінішке орай адамдардың көзқарастары да.Қазір нанды не болса, сол жерге тастайтын халық болып кеттік қой тіпті.Бұрындары сіздерге ата-ажеміз нанды сыпыртқымен сыпырып алма дейтін.Ал қазір қалай?!!Қоғамымыз не болып кетті.Дұрыс айтасың Зухра қызым мұны әсіресе әйелдер айтуы қажет-ақ?!!!

    Ответить

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*