ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Тілтаным

Мыйлондаған жыл бұрын болған жайдың дабысы

әкімшілік 01/11/2020 164 рет қаралды

 

Ыспан

 

О заманда не болып, не қойғанын өз көзімен көріп, телепонына түсіріп алған адам жоқ. Бірақ бұл өмірде болып, орын алған нәрсе із-түзсіз жоғалып та кетпей, ең болмаса бір белгі, бір хабары қалса да керек. Тек оны аңдай алу қажет. Мысалы, сондай жайдың бірі …

 

… адамзаттың енді ғана отты иеленіп, отқа қолы жетіп, бірақ оны өзі әлі тұтата алмайтын кезінде болған сыңайлы.

 

Айталық, ол кезде үңгірді үй еткен адамдар өздері аңға кеткен сәтте әлдеқайдан қолдарына түскен шоқтың өшіп қалмауы үшін бір баланы қарауыл ғып от басы, ошақ қасында қалдырып кететін болған.

 

Ал от әлдебір себеппен өшіп қалған жағдайда іштеріндегі ең жүйрік жігітті бір аяғың онда, бір аяғың мұнда болсын деп от әкелуге жұмсайды екен. Пәленбай тайпаласы тамақ ішпей, жылына да алмай, оттың келуін тағатсыздана күтіп отыратындықтан, ол желаяқ та көрші тайпаға жетіп барып, отты ала сала кері жүгірген.

 

Тіліміздегі неге сонша асықтың, от ала келіп пе едің, от ала келген әйелдің отыз ауыз сөзі бар дейтін бейнелі сөздер мен отын өшірмеу, от ағасы, от иесі, от басы, ошақ қасы, отпен ойнамау, отты үрлеп өшірмеу, түтінін түтету, түтін салық сыйақты тұрақты тіркестер, сірә – сол заманнан қалған бір белгі.

 

Әрі біз бұны әлдебір ғұлама ғалым әлде нантехнологтың зерттеуінен емес, ол оқыйғалардың мыйлондаған жыл бұрын тілімізде қалдырған, тілімізге түсірген табынан аңдап отырмыз.

 

Басқа тілде қандай екенін қайдам, қазақ тілінде өткен заманның осындай бір ізі бар.

 

cүйрет : Astrozak.ru

 

Кілттік сөздер:

You Might also Like

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*