ЖҮКТЕЛУДЕ

Сөзді еңгізіңіз

Басты ақпарат Сөзтаным

Олжекең орысшыл ма?

әкімшілік 30/09/2019 257 рет қаралды

Ыспан

 

Орекең қазақтың Олжасын — Алжас, Оралын – Арал, Отанын – Атан дейді және мұны …

 

… әдейі, кекетіп-мұқатайын деп айтпайды, айту апараттарының жаратылысы солай.

 

Қазақ та өз тіліндегі-ақ «алма» мен «ата»-дан құралғандай «Алма ата»-ны сол күйінде айта бермей, «Алматы» етеді және бұлар да орыс пен тілі, ділі орысша жаралғандар айта алмай қыйналсын дегендіктен емес, тілдерінің заңы, ауыздарының айтысы, қалауы мен қисаюы солай болғандықтан айтады. Сондай-ақ «Алматы» дей алмай, терлеп жүргендер де жоқ.

 

Дегенмен, Олжекең Қазақстанның бар мәселесі шешіліп қойып, басқа айтары қалмағандай, «Алматының «Алма-Ата» деген ескі қазақша атын берсек, ол бірден интернационалдық та, қазақша да болып шығады» дейтін жаңа әрі бір оқпен екі қоян атарлық ғылыми тұжырым жасады [1].

 

Сірә, мәселе қазақтың сөзін, жерінің атын орыстың өлшемімен, өресімен өлшеп, «Алма-Ата» дейік деуде де емес. Қайраткер-шенеуніктеріміздің қазақтың тілінен, сөзінен жеріп, ара-тұра бүйректен-сыйрақ шығарып жатуы бүгінде қалыпты құбылыс.

 

Мәселе –

«Аз и Я», «Язык письма» деген сүбелі еңбектер жазып, бүкіл әлемге сөзтанушы, тілтанушы ғалым, ғұлама ретінде де танылған Олжекеңнің

 

— «алма» мен «ата»-ны қоса, қатарластыра айттың болды, олар «Алматы» болып ықшамдалатынын әрі бұл адамның, Ақаңның ойдан шығарғаны емес, тілдің, тілді жасаушы ауыздың амалы екенін,

 

— «Алма-Ата» Алматының ескі қазақша аты емес екенін,

 

— «Алма-Ата» десе орысша, «интернационалдық» «болатынымен», қазақша болмай қалатынын

 

түсінбейтінінде, соны да сөз деп айтуында.

сүйрет: Yafilm.ru

 

  1. КТК, Жаңалықтар, 26.09.19
Кілттік сөздер:

2 Comments

  1. HelenGulkirl 04/10/2019

    Привет.

    Где я могу скачать XEvil бесплатно на вашем сайте?
    Получил инфо

    Ответить
    1. әкімшілік 13/10/2019

      Мне не понятно о чем Вы говорите. Я не знаю что такое XEvil?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз*